Page 212 - indexf
P. 212

Нөлдiк цикл – шартты жобалау белгiлiсiнен төмен орналасқан,
нөл деп қабылданған үйлердiң немесе ғимараттардың бөлiктерiн және
инженерлiк коммуникацияларды салу жөнiндегi құрылыс-монтаж
жұмыстарының кешенi.

    И
    Инвестициялық құн немесе құндылық – бұл нақты
бір инвестордың немесе инвесторлар сыныбының орныққан
инвестициялық кезіндегі немесе өндірістік мақсаттағы мүлік құны. Бұл
субъективтік ұғым нақты бір мүлікті нақты инвесторға, инвесторлар
тобымен немесе белгілі бір инвестициялық мақсаттары және/немесе
өлшемдері бар кәсіпорындармен сәйкестендіреді;
    Ипотекалық құн – бұл қозғалысы экономикалық циклдің
кезеңдерімен және алып-сатар сипаттағы элементтерге байланысы жоқ
арнайы ациклдық құн;

    О
    Объектiлер мониторингi – сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметi объектiлерiнiң жай-күйi мен өзгерiстерiн байқау жүйесi;
    Ортақ мүлік – дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа, кон-
доминиум объектісінің бөліктері (абаттандыру элементтерін және
ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, кіреберістер,
баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс
не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік почта
жәшіктері, жер учаскесі);
    Объектінің реттік нөмірі – бас әріптің  қосылуы мүмкін немесе
қосымша бүтін цифрлардың (екі таңбадан көп емес) бөлшегі арқылы
бірізді цифрлардан тұратын объект мекенжайының деректемесі. Бұл
орайда нөмірде есімдіктер (мысалы «Я» әрпі), алфавиттегі қазақ әріптері
(Ә, І, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ү, Ұ, Һ), айтылуы қиын әріптер (дыбыссыз) және цифрға
ұқсас әріптер (О, Ж, З, И, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) алып тасталады;
Орынжай – басқа іргелес үй-жайлардан ойықтары жоқ қабырғалармен
немесе бітеу арақабырғалармен бөлінетін және көшеге, аулаға, ортақ
пайдаланудағы дәлізге немесе баспалдақ алаңдарына жеке шығатын
есігі бар құрылыстың ішкі оқшауланған бөлігі;

    Ө
    Өсімін молайту құны – бағалау жүргізген, ұқсас материалдар
мен технологияларды қолдана отырып, бағалау объектісінің тозығын
ескере отырып, бағалау объектісіне ұқсас объектіні жасаған күнінде

           212

⇐ МАЗМҰНЫ
   207   208   209   210   211   212   213   214   215   216   217