Page 213 - indexf
P. 213

қолданылған  нарық бағаларындағы шығындар сомасы. Өсімін
молайтудың толық құны осыған ұқсас объектіге бағалау жүргізілген
сәтте қолданылған бағалар бойынша айқындалады;

    Ү
    Үлескер – ақшалай қаражатымен тұрғын үйге өзiнiң қажеттiлiгiн
қанағаттандыру үшiн тұрғын ғимараттарды салуға қатысатын жеке не-
месе заңды тұлға; үлескер – одан әрі жобалау компаниясына аударуға
арналған ақшасын банк-агенттегі ағымдағы шотқа енгізу арқылы
тұрғын жайларды салуға қатысатын жеке немесе заңды тұлға;
    Үлестiк қатысу туралы шарт – құрылыс салушы мен үлескер
арасында жасалатын және үлескердiң ақшалай қаражатын тарту жолы-
мен тұрғын ғимараттарды салуға байланысты құқықтық қатынастарды
реттейтiн шарт; 

    П
    Пайдалануға қосуға арналған рұқсат – комиссияны тағайындаған
инстанцияның тұрғын ғимаратты қабылдау туралы мемлекеттiк
қабылдау комиссиясының актiсiн бекiтуi; 
    Пайдалануға беруге рұқсат – мемлекеттік қабылдау
комиссиясының тұрғын жайды қабылдау туралы қол қойылған актісі;

    Р
    Ренталық кіріс (жер рентасы) – жер учаскесінің сапасы мен
орналасқан орнына қарай өндіріс құралы ретінде жерден алынуы
мүмкін кіріс. Ренталық кіріс жер учаскесінде алынатын өнімді сатудан
күтілетін жалпы кіріс пен өндірістік шығындардың және өндірушінің
пайдасы арасындағы айырым ретінде есептеледі.

    С
    Салым бойынша сыйақы ставкасы – тұрғын үй құрылысы
жинақ банкінің ішкі құжаттарына сәйкес жыл қорытындылары бойын-
ша салымның іс жүзінде жинақталған қалдығына тұрғын үй құрылысы
жинақ ақшасы туралы шарт бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ
банкі есептейтін проценттік ставка;
    Сақтандыру құны – келісімшарттың немесе сақтандыру полисі-
нің ережелерінде көзделген мүлік құны. Сақтандыру сомасының болжа-
нып отырған мөлшері сақтандыру шартының талаптарына жүргізілген
талдаудың нәтижелері негізінде, жалпы жекелеген сақтандыру
жағдайлары, бір топ сақтандыру жағдайы үшін, сондай-ақ мүліктің

           213

⇐ МАЗМҰНЫ
   208   209   210   211   212   213   214   215   216   217   218