Page 64 - indexf
P. 64

мемлекеттiк және қоғамдық тұрғын жайлар қорындағы үйлерде
         пәтерiнің болуы;
    ●● саяжайлық немесе бау-бақтық жер учаскесiнiң болуы негіз бола
         алмайды.
    Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерiн берудiң
ақпараты шолу бюллетендерi түрiнде жарияланады. Сонымен қатар,
көпшiлiктiң көруi үшiн жеке тұрғын үй салуға арналған аумақтың
карталары және схемалары түрiнде iлiнiп қойылады. Жарияланған
ақпараттарда жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерiнiң
болуы, олардың көлемi, бағалау көрсеткiштерi көрсетіліп, саралана-
ды. Тұрғын үйдің көлемін жоспарлап, болашақ шығындарды есептеу
үшін жер салығының ставкалары мен басқа да төлемдер ақпараты
қажет болып табылады. Салық кодексінің 382-бабы үй iргесiндегi жер
учаскелерiне салынатын базалық салық ставкаларын реттейді. Соған
сай, елдi мекендердiң тұрғын үйге, тұрғын ғимаратқа қызмет көрсетуге
арналған жер учаскелері және тұрғын үй тұрғын ғимарат, оның iшiнде
ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын
жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi болып есептеледi.
    Үй іргесiндегi жер учаскелерi мынадай базалық салық ставкалары
бойынша салық салынуға жатады:
    1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар
үшін:
    √√ көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда – 1 шаршы метрi
         үшiн 0,20 теңге;
    √√ 1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 6,00
         теңге.
    Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метр-
ден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн
6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
    2) қалған елдi мекендер үшiн:
    √√ көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда – 1 шаршы метрi
         үшiн 0,20 теңге;
    √√ 5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 1,00
         теңге.
    Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метр-
ден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн
1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
    Жер кодексінің 50-бабының 2-тармағына сәйкес жер учаскелері
Қазақстан Республикасының азаматтарына жекеменшікке төменде
көрсетілген мөлшерде тегін беріледі:

           64

⇐ МАЗМҰНЫ
   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69