Page 63 - indexf
P. 63

5.3 Жеке тұрғын үй құрылысы

    Қоныс учаскесiне орналасқан және шаруашылық пен басқа да
құрылыстармен және жасыл желектi екпелерiмен бiрге, азаматтың
меншiгiндегi, оның жеке немесе отбасымен тұруға арналған үй жеке
тұрғын үй деп аталады. Белгіленген тәртіппен жеке тұрғын үй орна-
ластыру үшін және шаруашылық жүргізу үшін азаматқа берілген жер
учаскесі қоныс учаскесі болып табылады. 

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің «Жер учаскелерiн
беру нормалары», 50-бабында көрсетілгендей, азаматтар мен заңды
тұлғаларға ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үшiн берiлетiн жер
учаскелерiнiң мөлшерi, қызметтiң осы түрлерiне жер бөлiп берудiң,
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен
бекiтiлген нормалар бойынша не сәулет-қала құрылысы және құрылыс
құжаттамасына сәйкес айқындалады.

    Осы белгілі бір тәртіппен бекітіліп берілген жер учаскелерінде
азаматтардың өз күшімен, мердігерлік әлде басқалай әдіспен жеке
тұрғын үйлер салуы жеке үй құрылысы болып саналады.

    Жеке тұрғын үй құрылысы Қазақстан Республикасының 1994
жылғы 3 қарашадағы №213 «Жеке тұрғын үй құрылысы тура-
лы» заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл заң мемлекет, жергілікті
атқарушы органдар және жеке тұрғын үй салушылардың арасындағы
өзара арақатынастарды реттейді.

    Қоныс учаскесіндегі жылжымайтын мүлікке инженерлік инфра-
құрылым, салынып жатқан тұрғын жайлар мен басқа да құрылыстар,
жасыл желекті екпелер және жер учаскесінен бөлінбейтін өзге мүлік
жатады.

    Қазақстан Республикасының әрбiр азаматы, өзiнiң тұрақты тұрғын
жерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес
республика аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн
алуға құқылы. Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөліп беру
көлеміне, елді мекендер аумағын әлеуметтiк-экономикалық жағынан
кешендi дамыту бағдарламалары әсер етеді. Елді мекендердегі босалқы
сақталатын жер көлемі мөлшері және оларды игеру кезектілігі, жер
учаскелерін бөлуге әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып та-
былады.

    Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесін беруден
бас тартуға:

    ●● азаматтың меншiк құқығында үй немесе пәтерiнің болуы;
    ●● жалдау немесе жалгерлiк шарты бойынша пайдаланатын

           63

⇐ МАЗМҰНЫ
   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68