Page 66 - indexf
P. 66

мекендерде құрылыс салу қағидаларына сәйкес алаптармен
         бөлінеді;
    ♦♦ жеке тұрғын үй құрылысын салуға бөлінген алаптар,
         тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін, инженерлік-
         коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі талап
         етіледі;
    ♦♦ ақ қабатты тұрғын үйлер салудың үлгі жобаларын тарату бойын-
         ша жергілікті атқару органдарының қызметі ұйымдастырылып,
         осы жобалар азаматтарға тегін беріледі;
    ♦♦ жергілікті атқару органдары азаматтарға жер учаскелерін
         береді.
    Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-
коммуникациялық инфрақұрылымдар салынады. Инженерлік-
коммуникациялық инфрақұрылымдарды жобалау, дамыту, салу
жергілікті бюджеттен қаржыландырылады және республикалық бюд-
жет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
    Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға:
    √√ тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды жылумен, сумен,
         газбен, электрмен жабдықтау;
    √√ телефондандырудың инженерлік желілерімен қамтамасыз ету,
         су бұру, инженерлік құрылыстарды салу;
    √√ көшелерді, аулаішілік аумақтарды абаттандыру жатады.
    Жеке тұрғын үй салу үшін Қазақстан Республикасы заңдарына
сәйкес, қайтарылуы қамтамасыз етілетін шарттар бойынша, азаматтарға
несиелер беріледі.
    Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188 бабына сай,
меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты, өз қалауы бойынша кез кел-
ген әрекеттер жасай алады. Соның iшiнде мүлiктi басқа адамдардың
меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала оты-
рып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi
өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да
әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге
құқылы. Меншiк құқығының мерзiмi шексiз болып табылады. Осы
кодекстің 194-бабы тұрғын үйге меншiк құқығы мен өзге де заттық
құқықтарды жүзеге асыру ерекшелiктерi тұрғын үй заңдарымен
реттелетіндiгін көрсетеді.
    Жеке тұрғын үйлер құрылысының аумағы – елдi мекен аумағының
азаматтарға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, сондай-ақ инженерлiк
және көлiктiк инфрақұрылым объектiлерi бар кешенiмен жеке тұрғын
үй құрылысы үшiн пайдаланатын бөлiгi.

           66

⇐ МАЗМҰНЫ
   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71