Page 65 - indexf
P. 65

1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы
және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн – суарылмайтын
жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;

    2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн – 0,10 гектар;
    3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн – 0,12 гектар.
    Өзiндiк қосалқы шаруашылықты, үй маңындағы телiмде жүргiзу
және жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерін жекеменшікке тегін
беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі. Жер учаскелерін
көрсетілген мақсаттар үшін игеру кезеңіне беру, Жер Кодексінің
92-бабына сәйкес, мұндай жер учаскелерін игерудің талаптары мен
мерзімдері белгілене отырып, уақытша өтеулі жер пайдалану, жалдау
құқығында жүргізіледі.
    Ауылдық елдi мекендердiң аумағында бос жер болған жағдайда
жеке тұрғын үй құрылысы үшiн және өзiндiк қосалқы шаруашылық
жүргiзу үшiн жер учаскелерi, осы аталған мақсаттар үшiн көзделген
жер учаскелерiнiң нормалары шегiнде, бiртұтас алап болып берiледi.
    Құрылыс салушы тұрғын үйдi сәулет-қала құрылысы қызметiмен
келiсiлген кез келген жоба бойынша сала алады. Белгiленген тәртiппен
бекiтiлiп берiлген учаскесiнде орналасқан тұрғын үй мен басқа да
құрылыстардың көлемiн, олардың сыртқы тұрқын, тұрғын үйдің си-
патын, шектес жер учаскелерiндегi инфрақұрылыммен сәйкестігін
қамтамасыз ете отырып, жеке құрылыс салушы дербес белгiлейдi.
    Құрылыс салушының жеке тұрғын үйге меншiк құқығы оның
құрылысты аяқтаған кезiнен бастап пайда болады және белгiленген
үлгiдегi куәлiкпен расталады. ҚР Азаматтық кодексі 194-бабы бойын-
ша тұрғын үйге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды жүзеге
асыру ерекшелiктерi тұрғын үй заңдарымен реттеледi.
    Жеке тұрғын үй құрылысы құрылыс салушының өз қаражаты
есебiнен қаржыландырылады, сондай-ақ ол банкiлердiң несиесi,
кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржы көмегi және басқа да қаржы
көздерi есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн. Қолжетімді тұрғын үй-
2020 бағдарламасында көрсетілгендей, Қазақстанда тұрғын үй
құрылысының жалпы көлеміндегі негізгі үлесті жеке тұрғын үй
құрылысы алады. Оның үлес салмағы 50-60%-ды құрайды.
    Жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін Қазақстан Респуб-
ликасында келесі механизмдерді жүзеге асыру көзделген:
    ♦♦ үйлерді жаңа технологиялар бойынша тұрғызу үшін жергілікті

         құрылыс материалдары өндірісін қалыптастырып, дамыту;
    ♦♦ жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған алаңдар бекітілген

         бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және елді

           65

⇐ МАЗМҰНЫ
   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70