Page 68 - indexf
P. 68

бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың
жергiлiктi атқарушы органының сәулет-қала құрылысы қызметiмен
келiсiлген жоба бойынша жүзеге асырылады.

    Жер учаскелерiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен
шығарылуына байланысты тұрғын үй бұзылған жағдайда, «Жеке
тұрғын үй құрылысы туралы» заңның 15-бабына сай меншiк иесiне
оның тұрғын үйi бұзылғанға дейiн өз таңдауы бойынша меншiгiне
жайлы тұрғын үй берiледi немесе тұрғын үйдiң нарықтық құны
мөлшерiнде өтемақы төленедi. Егер берiлетiн тұрғын үйдiң құны
бұзылатын тұрғын үйдiң құнынан артық болса, олардың құнындағы
айырма меншiк иесiнен алынбайды. Егер бұзылатын тұрғын үйдiң
құны берiлетiн тұрғын үйдiң құнынан артық болса, олардың құнындағы
айырма меншiк иесiне өтеледi.

    Жеке тұрғын үй құрылысын салу ережелерiне сәйкес жергiлiктi
атқарушы органдардың міндеттері төмендегідей:

    – бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес анықталған
аумақтарда жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы №726 Қаулысымен
бекітілген «Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқық
беру ережесiне» сай белгiленген тәртіппен берудi;

    – жеке тұрғын үйлер салынатын аумақта әлеуметтiк, инженерлiк
және көлiктiк инфрақұрылым объектiлерiн салып, пайдалануды;

    – құрылыс салудың ережелерiнде белгiленген мерзiмде жер
учаскелерiн бөлу, жобаларды келiсу, техникалық шарттарды беру
жөнiндегi материалдар дайындауды, құрылыс үшiн несие бөлудi,
құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және үйдi
жайғастыру заттарын сатуды, құрылыс кезiнде қызмет көрсетудi
жүзеге асыратын қызметтердiң жұмысына, сондай-ақ жеке құрылыс
салушылардың мүдделерiн қорғайтын Заң және заңнамалар
құжаттарында көзделген қалыптардың сақталуына бақылау жасауды;

    – жеке тұрғын үйлердi, басқа да құрылыстарды салып, пайдалану
және жер учаскелерiн пайдалану ережелерi туралы азаматтарға хабар-
лауды ұйымдастырып, қамтамасыз етедi.

    Жеке тұрғын үй құрылысы жоба бойынша жүзеге асырылады.
Жобада тұрғын үйлерге арналған ең төменгi мемлекеттiк қалыптар
мен стандарттардан кем болмайтын қауiпсiз тұру шарттарына сай
келетiн конструкциялық және жоспарлау шешiмдерi көрсетiледi.
Бүкіл құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылып, бөлiнген жер учаскесi
көркейтiлгеннен кейiн, құрылысты салу әдiсiне қарамастан жаңадан
салынған жеке тұрғын үйлер «Қазақстан Республикасындағы

           68

⇐ МАЗМҰНЫ
   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73