Page 59 - indexf
P. 59

басқа тарифтiк бағдарламаға өткен кезде салым бойынша сыйақы
ставкасының мөлшері тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы
шарт қолданылатын бүкiл мерзімде тұрғын үй құрылысы жинақ банкі
анықтаған талаптармен өзгертiлуi мүмкін.

    Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы ставкасының мөлшері, тұрғын
үй құрылысы жинақ ақшасына салым бойынша сыйақы ставкасынан
жылдық үш пайыздан аспайтын мөлшері қарастырылған. Мемлекет-
тiң сыйлықақылары және тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің
сыйақылары салымның негiзгі сомасын ұлғайтуға бағытталады.
Мемлекеттiң сыйлықақысы тұрғын үй заемын алуға өтiнiш берiлген
кезге дейiн есептеледi. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй
құрылысы жинақ ақшасы туралы» заңға, тұрғын үй құрылысы жинақ
ақшасы туралы және банк заемын беру туралы шарттардың талапта-
рына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында салымшыға
берілетін нысаналы заем тұрғын үй заемы деп аталады.

    Тұрғын үй заемы мынадай талаптарды орындағанда беріледі:
    –– қаражаттардың минималды қажетті сомасының жинақталуы;
    –– бағалау көрсеткішінің минималды мәніне жету;
    –– жеткілікті кепілзаттық қамтамасыз етудің берілуі;
    –– заемшының толық төлем қабілеттілігінің расталуы.
    Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қажетті соманың 50%-ы
қолында бар немесе көрсетілген соманы мерзімінен бұрын жинақтаған
клиенттер аралық тұрғын үй заемын пайдалана алады. Аралық тұрғын
үй заемы тарифтік бағдарламалар аясында тұрғын үй құрылыс жинақ
шартында көзделген тұрғын үй заемы мерзімінің шектерінде беріледі.
Жинақтау мерзімі аяқталған соң аралық тұрғын үй заемын өтеуге
жұмсалатын жинақталған қаражаттар және тұрғын үй заемы төленеді.
Шартты сома шегінде жинақталатын минималды сома шектеусіз бо-
лып табылады, ал максималды жиынтық сома – 1 заемшыға 100 млн.
тенге. 
    Аралық тұрғын үй заемын алу, аралық тұрғын үй заемдарын алуға
кредиттік өтінімдерді қабылдауды жинақтау немесе шартты соманың
50% енгізу сәтінен бастап жүзеге асырылады.
    Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қажетті соманың 50%-ы
қолында бар немесе көрсетілген соманы мерзімінен бұрын жинақтаған
банк клиенттері «Жеңіл» бағдарламасы бойынша аралық тұрғын үй
заемын пайдалана алады. «Жеңіл» бағдарламасы бойынша аралық
тұрғын үй заемдары «Бастау» және «Өркен» тарифтік бағдарламалары
аясында, негізгі қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыра отырып,
3 жылдан артық емес мерзімге беріледі.

           59

⇐ МАЗМҰНЫ
   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64