Page 62 - indexf
P. 62

сатып aлу, соның iшiнде жақсарту мақсатында оны айырбастау
         жолымен алу;
    ●● тұрғын үйді жөндеу және жаңарту, яғни құрылыс материал-
         дарын сатып алуды, мердiгерлiк жұмыстарға ақы төлеуді қоса
         алғанда;
    ●● тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шараларға байла-
         нысты туындаған міндеттемелерді өтеу;
    ●● банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін
         жүзеге асыратын ұйымдарда ипотекалық тұрғын үй заемын  алу
         үшін бастапқы жарна енгізу түсініледі.

    Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы №110
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары ту-
ралы» заңына сәйкес Банк несиесі Қазақстан Республикасының
аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды
жүргізу мақсатында ғана пайдалана алады.

    Мемлекет тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесін қолдай
отырып, салымшыларды тұрғын үй жағдайын жақсартуға ынталанды-
рады. Заңның 10-бабына сай, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына
салымдар бойынша, жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысының
мөлшерi ынталандырылатын салым сомасының жиырма пайызын
құрайды. Мемлекеттiң сыйлықақысымен ынталандырылатын салымға
тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым сомасы және сол бойын-
ша есептелген тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақысы кiредi.
Мемлекеттiң сыйлықақысымен ынталандырылатын жинақталған
ақша сомасы екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс. Егер
мемлекеттiң сыйлықақысымен ынталандырылатын жинақталған
ақша сомасы екi жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, онда
жинақталған ақшаның ынталандырылмаған сомасы келесi жылы
мемлекеттiң сыйлықақысын есептеу кезiнде ескеріледi.

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ Банкі» АҚ-ғы тұрғын
үй құрылыс жинақ ақша туралы шартты жасау, тұрғын үй қарызын
рәсімдеу артықшылықтары: 

    –– қарыз бойынша төменгі пайыздық мөлшерлемелер;
    –– жинақтау және кредиттеудің бүкіл кезеңінде тіркелген пайыз-

         дық мөлшерлемелер;
    –– тұрғын үй құрылыс жинақ ақша туралы шартты біріктіру, бөлу,

         беру, бұзудың әмбебаптық мүмкіндігі;
    –– айыппұл және комиссиясыз заемды мерзімінен бұрын өтеу.

           62

⇐ МАЗМҰНЫ
   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67