Page 67 - indexf
P. 67

Меншiк құқығында саяжай мен бау-бақ учаскелерiнде салынған
үйлердi иеленушi азаматтарға, олар тұрғын үйлер мен құрылыстарға
арналған қалыптарға сәйкес келген жағдайда, осы жылжымайтын
мүлiктi жеке тұрғын үй ретiнде қайта ресiмдеуге, сондай-ақ жер
учаскесiн нысаналы мақсатпен өзгертуге құқық берiледi. «Жеке
тұрғын үй құрылысы туралы» заңның 6-бабы бойынша, меншiкте-
нушi қоныс учаскесiндегi жеке тұрғын үй мен басқа да жылжымайтын
мүлiктi өзiнiң қалауына қарай иеленуге, пайдалануға және оған билiк
етуге құқылы. Қоныс учаскесiндегi жылжымайтын мүлiктi меншiктену
құқығы осы учаскенi иеленушiге ғана тиесiлi бола алады.

    Жеке тұрғын үй құрылысы аяқталғанға дейiн, оның салынып бiткен
бөлiгiне жылжымайтын мүлiк пен осы мүлiк жасалған материалдарға
меншiк құқығы туралы ереже қолданылады.

    Жеке тұрғын үй құрылысы аумағында қызмет көрсетуге арналған
әлеуметтiк, көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiн
салу мен пайдалануды қаржыландыру, сондай-ақ инженерлiк жағынан
қамтамасыз ету көздерiн дамытуға жұмсалатын шығындар бюджет
қаражаты, кәсiпорындардың, ұйымдардың қаражаттары, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған
басқа да қаржы көздерi есебiнен жүзеге асырылады. Жеке құрылыс
салушылардың қаражатын тарту тек ерiктi негiзде ғана жүзеге асыры-
лады.

    Шығын мөлшерi халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету
объектiлерiн салуды ескере отырып, сол жер үшiн ең төменгi қалыптан
кем болмайтын, жеке және өзге де құрылыс салушылардың санына
тепе-тең мөлшерде белгiленедi.

    Әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымдардың қосымша
элементтерiн жасау мен тұрғындарға қызмет көрсетудiң мейлiнше
жоғары стандарттарын жүзеге асыру халықтың топтарының және же-
келеген азаматтардың қаражаты есебiнен қаржыландырылуы мүмкiн.

    Қоныс учаскесiнiң, үй құрылыстарының және басқа құрылыстар-
дың шегiндегi аумақтарды инженерлiк жағынан жайғастыру, сондай-
ақ сол объектiлердi пайдалану, жөндеу және қайта құру, жаңғырту
құрылыс салушылардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 

    Меншiктенушi қоныс учаскесiндегi үйдi және басқа да жылжымай-
тын мүлiктi қайта құруға, қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға
құқылы, бұл орайда құрылыс жөнiндегi және өзге де мiндеттi қалыптар
мен ережелер бұзылмауы керек. Құрылыстарды қайта салуға, қайта
жоспарлау мен қайта жабдықтауға байланысты қайта жаңарту құрылыс
қалыптары мен ережелерiн сақтау бөлiгiнде республикалық маңызы

           67

⇐ МАЗМҰНЫ
   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72