Page 70 - indexf
P. 70

6-тарау. Жылжымайтын мүлік нарығындағы кәсіпкерлік қызмет
                                        түрлері

6.1 Жылжымайтын мүлік объектілерін дамыту, девелопмент

    Материалдық-заттық мазмұнына байланысты қарастыратын болсақ
жылжымайтын мүлік девелопментінің құрамы келесі екі құрамдас
бөліктен қалыптасады:

    –– жерге және ғимараттарға құрылыс немесе басқа жұмыстарды
         жүргізу;

    –– жердің әлде ғимараттың функционалды пайдаланылуын
         өзгерту.

    Девелопменттің мәні бұл жылжымайтын мүлік сферасында
инвестициялық жобаларды басқару болып табылады. Оның құрамына:

    –– экономикалық жағынан тиімді жобаны таңдау;
    –– жобаны жүзеге асыру мақсатында атқарушы органдардан

         қажетті рұқсат алу;
    –– инвестицияларды тарту жағдайларын анықтау және оны

         қайтару формасы механизмін жасау;
    –– инвесторларды іздеу және тарту;
    –– мердігерлерді таңдау, олардың қызметін қаржыландыру және

         бақылау;
    –– салынған жылжымайтын мүлік объектісін өткізу, сату немесе

         тапсырыс берушіге тапсыру.
    Жылжымайтын мүлік объектісінің заттық өзгерісі девелопер
қызметінің нәтижесі ретінде көрінеді. Сонымен бір мезгілде, оның
қызметінің негізгі мазмұнына осы өзгерісті тікелей ұйымдастыру да
жатады.
    Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында девелопер
қызметі келесі кезеңдерден біртіндеп өтеді.
    Бірінші кезең жылжымайтын мүлік жобасының жүзеге асуы
ықтималдығын анықтау:
    –– жылжымайтын мүлік жобасының жүзеге асуы ықтималдығын,

         экономикалық дамудың ұзақ мерзімдік тенденциясының
         деректеріне сүйене отырып бағалау. Мұнда, демографиялық
         деректер, экономиканың нақты секторлары мен үй
         шаруашылығының болашақта даму тенденциясына ерекше мән
         беріледі;
    –– қаржы жүйесі, әсіресе салық жүйесінің қазіргі жағдайы мен

           70

⇐ МАЗМҰНЫ
   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75