Page 14 - indexf
P. 14

Кондоминиум объектiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды
мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес бiртұтас кешен ретiнде тiркеледі. Кондоминиум объектісін
тіркеу кондоминиум қатысушысының немесе меншік иеленушілердің
уәкілетті өкілінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Кондоминиум
объектісін тіркеу кезінде ортақ мүлік құрамы мен әрбір үй-жайдың
құқық иелерінің ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері айқындалады.
Кондоминиумды бастапқы тіркеген кезде кондоминиум объектісіне
техникалық паспорт дайындау бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

    Көп пәтерлi тұрғын үйдi не мемлекеттік тұрғын үй қоры
жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды
жекешелендiру кезiнде, кондоминиум объектiсiн бастапқы тiркеу iсiн,
жекешелендiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган жүргiзуге тиiс.

    Бiрнеше меншiк иелерiне тиесiлi дара үй-жайға, меншiк иелерiнiң
ортақ мiндеттемелерiндегi ынтымақтастық жауапкершiлiгiмен, ортақ
мүлiктегi бiр үлес сәйкес келедi. Мұндай меншiк иелерiнiң арасындағы
өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiмiмен реттеледi. Ауыз-
ша немесе жазбаша келiсiм болмаған жағдайда әрбiр меншiк иесiнiң
ортақ мүлiкте көрсетiлген үлеске меншiгiне байланысты бөлiнбейтiн
құқықтары мен мiндеттерi тең болады.

    Кондоминиумға қатысушылар ортақ мүлiктi басқаруда тең құқыққа
ие болады. Олар ортақ мүлiктi, сондай-ақ жер учаскесiн басқа меншiк
иелерiмен қатар пайдаланады. Егер меншік иелерi басқа жерде тұратын
болса, сондай-ақ үй-жайды пайдалану құқығын басқа адамдарға беретін
болса, бұл оны үй-жайды меншiктенушi құқықтарының шектелуiне
әкелiп соқпайды және жүктелетiн мiндеттерден босатпайды.

    Үй-жайлардың иелерi ортақ мүлiктiң өздерiне бекiтiлiп берiлген
пайдаланылуы шектеулi бөлiгiн үй-жайлар иелерiнiң келiсiмiнде
белгiленген ережелермен пайдалануға құқылы. Кондоминиумға енетін
пәтер иесiнiң пайдаланылуы шектеулi, қандай да болсын ортақ мүлiктi
өз атынан иелiктен шығаруға құқығы жоқ.

    Кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген мiндеттердi атқарады. Олар ортақ мүлiк пен
үйдi ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға мiндеттi, ортақ
мүлiктiң және дара меншiктердің сақталуы мен қауiпсiз пайдаланыл-
уына жауапты болады.

    Үй-жайды жалдаушының немесе жалға алушының, кондоминиум
объектiсiн басқаруға қатыса алмайды, бiрақ барлық тұрғындар мен

бірге кондоминиум объектiсiнiң ортақ ережесін сақтауға мiндеттi.

    Тұрғын емес үй-жайдың иесi өз мүдделерiне қатысы жоқ кон-

           14

⇐ МАЗМҰНЫ
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19