Page 16 - index
P. 16

Митоздың негізгі жүру жолдарын қарастырайық. Көбеюдің негізі
ДНҚ-да жазылған генетикалық ақпаратты сақтау және тасымалдау
болғандықтан, митоздың ең басты сипаты ДНҚ-ның орналасатын
жері хромосомалардың күйіне байланысты.

    Митоздық бөліну кезінде бір диплоидты жасушадан (2n) генети-
калық материалы теңдей бөлінген екі диплоидты жасуша түзіледі.

    Митоз:
    1. Профаза;
    2. Метафаза;
    3. Анафаза;
    4. Телофаза сияқты төрт фазадан тұрады.

    Профаза. Профазада ядро көлемі ұлғайып, хромосомалар шира-
тыла бастайды, екі центриольдің жасуша орталығы жасушаның
полюстеріне ажырайды. Хромосомалар ширатылып, жіпшеге айна-
лып, ядрошық бұзылады. Ядро қабықшасы ыдырайды. Жасуша
орталығының центриольдер жасуша полюсіне тартылып, олардың
арасындағы микротүтікшелері бөліну ұршығын түзеді. Профаза со-
ңында ядро қабықшасы жеке фрагменттерге бөлініп, олардың шеткі
ұштары қабысады. Нәтижесінде эндоплазмалық торға ұқсас ұсақ
көпіршіктер түзіледі. Профаза кезеңінде хромосоманың ширатылуы
тоқтамайды. Соңында қысқа әрі жуан хромосомаларға айналады.
Ядро қабықшасы жойылғаннан кейін, хромосомалар цитоплазмада
еркін әрі ретсіз орналасады. Бұл – метафазаның басталғанын біл-
діреді.

    Метафаза. Метафазада хромосомалардың ширатылуы күшті
жүреді және полюстерден бірдей қашықтықта орналасқан қысқарған
хромосомалар жасуша экваторына бағытталады. Бөліну ұршығының
түзілуі аяқталады. Хромосомалардың центромерлі бөліктері бел-
гілі тәртіппен бір жазықтық бойына орналасады. Метафазада цен-
тромер аймағында ғана байланысқан екі хроматидадан тұратын
хромосома анық көрінеді. Әр хромосома екі хроматидадан тұрады.
Экватор жазықтығына жинақталған хромосомалардың әрқайсысы
центромерлер арқылы ахроматин (бөліну жіпшесі) жіпшелеріне жа-
бысады. Ахроматин жіпшесіне бекінген хроматидалар жасушаның
екі жақ полюсіне жылжиды. Бұл үдеріс анафазаның басталғанының
белгісі.

    Анафаза. Анафазада центромерлер бөлінеді де, осы кезеңнен
бастап ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидалар бір-бірінен

           16

⇐ МАЗМҰНЫ
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21