Page 108 - index
P. 108

дігін, сұр түсті өсімдікпен будандастырғанда, бірінші ұрпақ буда-
нында, қара геннің де, сұр геннің қасиеттері білінген. Бірақ зерттеу
барысында қара белгі сұр белгіден басым екендігі анықталған, яғни
эпистаздық құбылыс байқалған. Екінші ұрпақта белгілердің ажы-
рауы: 12/16 қара, 3/16 сұр, 1/16 немесе 12:3:1 қатынаста ақ өсімдік
болды. Ата-аналарының генотипін анықтаңдар.

    11-есеп. Жүнінің түсі ақ иттерді қара иттермен шағылыстырған-
да, бірінші ұрпақта күшіктер ақ түсті болады, ал Ғ2 кезінде 12/16 ақ
түске, 3/16 қара түске және 1/16 қоңыр түске ажырайды. Бастапқы
форманың және буданның генотипін анықтаңдар. А – қара түсті, а
– қоңыр, І – жүнінің түсі бояуын тұншықтырушы; і – жүн түсінің
бояуы тұншықтырылмайды.

    12-есеп. Жылқыларда сұр белгіні анықтайтын ген С қара түсті
генге В эпистазды, ал күрең белгіні в гені бақылайды. Дигетерози-
готалы СсВв жылқыны шағылыстырғанда алыңған құлындардың
фенотипін анықтаңдар.

    13-есеп. Асқабақ өсімдігінің жемісі сары А және а түсті болады.
Сары түс доминантты ингибитор геннің әсерінен тұншығуының нә-
тижесінде ақ түске айналады. Ақ жемісті асқабақ өсімдігін жасыл
түсті асқабақ өсімдігімен будандастырғанда бірінші ұрпақта бар-
лық өсімдіктер ақ жемісті болған. Ғ2-де белгілер қалай ажырайды?
Бастапқы өсімдіктердің генотипін анықтаңдар.

           108

⇐ МАЗМҰНЫ
   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113