Page 105 - index
P. 105

Берілгені: Асқабақ өсімдігі жемісінің түсінің тұқым қуалауы

           Р ♀ ақ Х ♂ ақ
                     ↓

           Ғ1 67 ақ
                19 сары
                 6 жасыл

    барлығы ─
               92

    Шешуі:
    Ғ1 – ұрпақта белгілердің ажырауы байқалғандықтан ата-аналық
өсімдіктер гетерозигота.
    Белгілердің ажырауы моногибридті шағылыстыруға сәйкес кел-
мегендік тен, біз дигенді тұқым қуалауға жатқызамыз. Бір гамета-
ның үйлесу мөлшерін табамыз – 92 : 16 = 5,75.
    Тәжірибедегі белгілердің ажырауы – 67 : 5,75 = 11,6; 19 : 5,75 =
3,3; 6 : 5,75 = 1 немесе 12 : 3 : 1 қатынасында. Х2 әдісіне салғанда
(Х2 = 0,25, Р > 0,80) теориялық күтуімен сәйкес. Сонымен асқабақ
жемісі түсінің тұқым қуалауы екі геннің өзара әсерін доминантты
эпистаз типіне сәйкес жүреді. Мұнда А – түсті тұншықтырушы, ол
генотип – ақ түс, ақ – түсті «белгілеуші» В – сары түсі, в – жасыл
түс. Екі түстің көрінуі тек а – аа сары аавв– жасыл аллельдің аллель-
дің қатынасында көрінеді.
    Ата-аналық өсімдіктердің жемісі ақ болғандықтан, олардың ге-
нотипінде А аллельі бар. Ал ұрпағында сары жемісті асқабақтың
шығуы ата-аналықтың генотипінде В аллельінің қатысуын көрсете-
ді. Ал жасыл түстің пайда болуы ата-аналық өсімдіктердің генотипі
гетерозигота екенін білдіреді. Сонымен ата-аналық өсімдіктердің ге-
нотипі – АаВв.
    3. Белгілердің ажырау сипаты А және В гендері бір-бірінен тә-
уелсіз тұқым қуалайтынын көрсетеді.
    4. Дигетерозиготалы (АаВв) аналық өсімдікті жасыл (аавв)
өсімдікпен будандастыруды талдаушы дейді. Талдаушы будандасты-
руда әрқайсысы (25%) ықтималдықпен төрт генотиптік класс тү-
зіледі: АаВв, Аавв, ааВв, аавв. Генотиптері АаВв және Аавв жемісі
ақ болып, Ғт – 2 ақ : 1 сары : 1 жасыл өсімдіктер шығады.
    Жауабы:
    1. Асқабақ жемісінің түсі екі генмен бақыланады, гендердің өза-
ра әсері доминантты эпистаз бойынша жүріп, 12:3:1 қатынасында
ажырайды. Гендер бір-бірімен тәуелсіз тұқым қуалайды.

           105

⇐ МАЗМҰНЫ
   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110