Page 107 - index
P. 107

2-есеп. Сұлы тұқымының қара түсін доминантты А гені, ал сұр
түсін доминантты В гені анықтайды. А гені В геніне эпистазды, яғни
А ген бар жерде В гені қызмет атқармайды. Зиготада доминантты
гендердің екеуі де жоқ болса, тұқымның түсі ақ болады. Мына тө-
мендегі гендері бар өсімдіктер дәндерінің түсін анықтаңыздар: а) аа
Вв; ә) аа вв; б) Аа вв; в) АаВв; г) ааВВ; ғ) АА Вв; д) АаВВ.

    3-есеп. Мына төмендегідей будандастырылуда алынатын тұ-
қымдарының түстерін анықтаңыздар:

    а) ааВВ х ааВв; ә) ааВв х аавв; б) Аавв х Аавв; в) АаВв х Аавв; г)
ААвв х ааВв; ғ) АаВВ х АаВВ.

    4-есеп. Қара тұқымнан өсіп шыққан екі өсімдікті ақ түстімен
будандастырғанда дәндердің жартысы қара, жартысы ақ болып
шыққан. Ата-аналықтың генотиптерін анықтаңыздар.

    5-есеп. Қара тұқымнан өсіп шыққан екі өсімдікті будандастыр-
ғанда 3:1 қатынасындай болып қара және сұр түсті дәндер алынған.
Ата-аналықтың генотиптерін анықтаңыздар.

    6-есеп. Тұқымдары сұр түсті екі өсімдікті будандастырғанда
алынған барлық ұрпақтың да түстері сондай болған. Ата-аналық
генотиптерін анықтаңыздар.

    7-есеп. Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті өздігінен тозаң-
дандырғанда 12:3:1 қатынасындай болып қара, сұр және ақ түсті
алынған. Бастапқы өсімдіктің генотипін анықтаңыздар.

    8-есеп. Қолда өсірілетін тауықтардың қолтұқымдарында (пли-
мутрок, виандот) А гені түсті қауырсынды бақылайды, ал оның ал-
лелі ақ, леггорн тұқымдарында А гені болғанның өзінде пигментті
басып кететін эпистаздық І ген (ингибитор) бар. Оның аллелі і гені-
нің А геніне өзін көрсетуіне мүмкіндік жасайды. ААII генотипі бар
леггорндар І генінің эпистаздық әсерінен ақ қауырсынға айналады.
Ааіі генотипі бар виандоттар А – пигменттеуінің доминантты аллелі
болмағандықтан, ақ қауырсынға ие болады. ААІІ генотипі бар ақ лег-
горн ақ виандотпен (ааіі) шағылыстырылған. Бірінші және екінші
ұрпақтағы қауырсындардың түсі бойынша ажырауды анықтаңдар.

    9-есеп. Пияз өсімдігі жуашығының түссіз (ақ) және түсті түрле-
рі кездеседі. Жуашығы түссіз екі өсімдікті будандастырғанда алын-
ған барлық ұрпақтар түссіз болған. Бірінші ұрпақты өздігінен то-
заңдандырғанда Ғ2 кезінде белгілердің ажырауы мынадай болады:
13 өсімдіктің жуашығы түссіз, 3 өсімдік түсті. Бастапқы өсімдіктер-
дің генотипін анықтау керек.

    10-есеп. Сұлы өсімдігінің қара түсін доминантты А гені, ал сұр
түсін доминантты В гені анықтайды. Масағы қара түсті сұлы өсім-

           107

⇐ МАЗМҰНЫ
   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112