Page 141 - index
P. 141

Осы екі кестеде тура және кері шағылыстыруда Ғ1 және Ғ2 ұр-
пақтағы шыбындардың еркек және ұрғашы даралардың қатынасы 1:1
тең болады. Ал көздің түсінің тұқым қуалауы аналық және аталық
шыбынның генотипіне байланысты. Тура шағылыстыруда аналық
N, ал аталық шыбынның көзі ақ – White болған жағдайда Ғ1 ұрпақ
шыбындардың барлығының көзі анасынікі тәрізді қызыл түсті. Ғ2
ұрпақ шыбындарда көздің түсі бойынша 3:1 қатынасында.

    Бұл шағылыстыруда ескеретін нәрсе, аналық шыбындардың кө-
зінің түсі қызыл, ал еркектерінің 50 пайызы қызыл түсті және 50
пайызы ақ көзді болып ажырайды.

    Кері шағылыстыруда ақ көзді аналықты қызыл көзді аталықпен
шағылыстырғанда Ғ1 ұрпақ шыбындарының аналықтары қызыл
көзді, аталықтары ақ көзді болған. Ғ2 ұрпақта көздің түсі бойынша
ажырау 1:1 қатынасында. Атап өтетін нәрсе мұнда аналық және
аталық шыбындардың 50 пайызы қызыл көзді және 50 пайызы ақ
көзді болған.

    Тапсырмаларды орындау:
    Тапсырмалар моногибридті шағылыстыруда жүргізген жұмыс-
тарға ұқсас, тек, Ғ1 және Ғ2 ұрпақ шыбындарын, алдымен аталық
шыбындарды аналық шыбындардан айырады. Содан соң әр топ-
тағы ақ көзді және қызыл көзді шыбындарды санайды. Алынған
мәліметтерді кестеге енгізеді. Ғ1 және Ғ2 ұрпақта алынған шыбын-
дарды зерттегенде, тәжірибеден алынған мәліметтерді теориялық
күтілімге толық сәйкес екендігі анықталады.

20, 21-сурет. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы

           141

⇐ МАЗМҰНЫ
   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146