Page 147 - index
P. 147

13-жұмыс

    Тақырыбы: Кроссинговерге генетикалық талдау. Генетика-
лық карталар құрастыру.

    Мақсаты: Үш геннің тіркескендігін дәлелдеу олардың арасын-
дағы кроссинговер мөлшерін анықтау. Үш ген бойынша генетика-
лық картаның бір бөлімін құрастыру.

    Құрал-жабдықтар: 1. Тамақтық ортасы бар стакандар.
    2. Дрозофила шыбынының қалыпты және мутантты түрлері.
    3. Эфир, құстың қанаты, микроскоп.
    Тапсырмалар:
    Бұл жұмысты орындау үшін студенттер топқа бөлінеді.
    Бірінші топ. Көздің түсі мен дене түсінің тұқым қуалауын тал-
дайды.
    Екінші топ. Көздің қызыл түсі мен қанаттарының пішіндерінің
тұқым қуалауын талдайды.
    Үшінші топ. Дрозофила денесінің түсі мен қанаттары пішіндері-
нің тұқым қуалауын талдайды.
    Тапсырмаларға түсініктеме:
    Кроссинговер. Табиғатта толық емес тіркесу гендердің бірге тұ-
қым қуалау сипатына байланысты кейде жиі, кейде сирек көрініп
отырады. Т. Морган гомологтық хромосомалар жұбында гендер
үнемі алмасып отыратындығын көрсетті. Мысалы, денесінің түсі
сұр, жетілмеген қанатты дрозофила шыбынының аналығын, дене-
сінің түсі қара, жетілмеген қанаттығымен будандастырғанда, ұрпақ-
тарында белгілердің фенотип бойынша ажырауы (19-сурет) қаты-
наста болады.
    Кроссинговер болған жағдайда белгілердің ажырау сипаты

Сұр дене   Сұр дене    Қара дене  Қара дене

Жетілген   Жетілмеген  Жетілген   Жетілмеген
қанат      қанат       қанат      қанат

41,5%      8,5 %       8,5 %      41,5%

    Бұлай болу себебі, тиісті гендері бар гомологтық хромосомалар-
дағы сәйкес бөліктердің алмасу үдерісі хромосомалардың айқасуы
немесе кроссинговер деп аталады. Осы құбылыстың нәтижесінде
гомологтық хромосоманың біреуінде орналасқан ген басқа хромо-
сомаға өтіп, гендердің басқа үйлесуі түзіліп, жаңа белгілер пайда

                       147

⇐ МАЗМҰНЫ
   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152