Page 148 - index
P. 148

болады. Тәжірибеден алынған шыбындардың 17%-ында кроссин-
говер жүрген. Кроссинговерге ұшыраған хромосомалары бар гаме-
таларды кроссоверлі деп, кроссинговерге ұшырамаған гаметаларды
кроссоверлі емес гаметалар деп атайды.

    Кроссинговердің жиілігі бір хромосода орналасқан гендердің
арақашықтығын және гендердің өзара орналасқан орнын көрсетеді.
Хромосомада гендер бір-бірінен неғұрлым алшақ болса, кроссин-
говердің жиілігі артады, ал гендер хромосомада жақын орналасса,
олардың арасындағы тіркесу күші мықты болғандықтан, кроссин-
говердің жиілігі кемиді.

    Кроссинговердің мөлшері пайызбен көрсетіледі. Кроссинговер-
дің бір пайызы гендер арақашықтығының бірлігі болып табылады.
Оны сантиморган (сМ) деп атайды:

    Кроссинговердің жиілігі мына формуламен анықталады:

=  кроссоверлік ұрпақтың саны х 100
          ұрпақтың жалпы саны

Мысалы, егер ұрпақтың жалпы саны 1000, жаңа кроссоверлі

ұрпақтың саны 200 болса, кроссинговердің жиілігі 20% болады:

кроссинговердің жиілігі =  200х100  =   20%  немесе  20  сМ.
                             1000
Генетикалық карталар. Кроссинговер құбылысының ашылуы

Т. Морган және оның шәкірттеріне хромосомалардың генетикалық

картасын жасауға мүмкіндік туғызды. Картаны жасауға хромо-

соманың ұзына бойына гендердің тізбектеле орналасуы негіз бол-

ды. Генетикалық карталар гомологтік хромосомалардың әр жұбы

үшін жасалады. Тіркесу тобын нөмірлейді. Картаны құрастыру үшін

көптеген гендердің тұқым қуалауын зерттеп білу қажет. Мысалы,

дрозофила шыбынының төрт тіркеу тобына жинақталған 500-ден

астам гендері, ал жүгері өсімдігінің 10 тіркеу тобына жинақталған

400-ден астам гендері зерттелген. Мысалы, бір тіркесулер тобына А

және В гендер кіреді. Осы гендер арасындағы кроссинговер жиілігі

10% делік, онда осы хромосомада орналасқан А және В генінің бір-

бірінен қашықтығы 10 сантиморганға тең. Осы тіркеу тобына С ге-

нін де жатқызайық. Оның хромосомадағы орнын анықтау үшін А

және В гендер арасындағы айқасудың жиілігін білу қажет. Мысалы,

егер С гені мен А генінің арасындағы орналасқаны немесе А гені С

және В гендерінің аралығындағы болғаны:

                           148

⇐ МАЗМҰНЫ
   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153