Page 17 - index
P. 17

ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Центромерлерге бекітіл-
ген жіпшелер хромосомаларды жасуша полюстеріне тартады, ал
хромосома иықтары центромерлерге қарай енжар түрде ілеседі. Со-
нымен интерфаза кезеңінде екі еселенген хромосомалар анафаза-
да хроматидаларға айналып, жасушаның полюстеріне ажырайды.
Жасушаның әр полюсінде бір хроматидадан тұратын хромосома
жиынтығы пайда болады. Анафазаның соңында хромосоманың
шиыршығы жазылады, хромосомалар біртіндеп жіңішкеріп ұзара-
ды. Бұл телефазаның бастамасы.

    Телофаза. Жасушаның митоздық бөлінуін телофаза аяқтайды.
Хромосомалар полюстерге жиналып, шиыршығы жазылып, на-
шар көрінеді. Цитоплазманың мембраналық құрылымынан ядро
қабықшасы түзіледі. Жануарлар жасушасында цитоплазма екі кіш-
кене мөлшерлі жасуша денешіктеріне тартылу арқылы бөлінеді.
Оны цитокинез деп атайды. Олардың әрбіреуінде бір диплоидты
хромосома жиынтығы пайда болады. Хромосомалар екі жас жасушаға
тең бөлінеді. Ядрошық түзіледі. Бөліну ұршығы бұзылады. Аналық
жасушадан екі жаңа ұрпақ жасушалары түзіледі.

    Жасушаның тіршілік циклі митоз – салыстырмалы түрде
қысқа кезең, ол әдетте, 0,5-3 сағатқа созылады. Зиготаның алғашқы
митоздық бөлінуінен бастап, соңында түзілген барлық жаңа ұрпақ
жасушаларында хромосома жиынтығы мен гендер бірдей болады.
Сондықтан митоз бөлуге болады – бұл жаңа ұрпақ жасушалары
арасында генетикалық материалдар тең мөлшерде бөлінетін жасу-
шаның бөліну әдісі. Митоз нәтижесінде екі жаңа ұрпақ жасуша-
ларында диплоидті хромосомалар жиынтығы пайда болады.

    Митоздың биологиялық маңызы. Көпжасушалы организмдер-
де генетикалық материал сақталмаса, мүшелер мен ұлпалардың
құрылыстары мен қызметі тұрақты болмас еді. Митоз тіршілік үшін
қажетті: эмбриондық даму, өсу, зақымданғаннан кейін органоидтар
мен ұлпаларды қайта қалпына келтіру (регенерация), ұлпалардың
қызметі кезінде тіршілігін жойып отыратын жасушалардың орнын
толықтыру (тіршілігін жойған эритроциттердің, түлеген тері, ішек
эпителий жасушаларының орнын алмастыру) сияқты құбылыстар-
ды қамтамасыз етеді.

    Тіршілік дамуының негізгі қасиеті – көбею. Көбею тіршіліктің
маңызды қасиеті ретінде организмдердің құрылымдық-қызметтік
ерекшеліктерінің ұрпақтарға берілуі мен өмір бойы сақталуын
қамтамасыз етеді. Көбеюдің басты маңызы – ДНҚ молекуласында

           17

⇐ МАЗМҰНЫ
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22