Page 18 - index
P. 18

нуклеотидтер реттілігі түрінде жазылған генетикалық ақпараттың
сақталуы, іске асырылуы және ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдануы.

    Табиғатта көбеюдің екі негізгі формасы белгілі: жынысты және
жыныссыз. Жыныссыз көбею кезінде қарапайым, жыныссыз жасу-
шалардың бөлінуі арқылы жаңа түр пайда болады. Жыныссыз кө-
бею әртүрлі жолдармен жүзеге асады. Балдырлар, саңырауқұлақтар,
мүктер, қырықбуындар, қырықжапырақтар тәрізділерде көбеюдің
спора түзу жолы кеңінен тараған. Қолайлы жағдайда әрбір спора-
дан бір дара түзіледі. Әдетте, споралар тығыз қабықпен қапталған,
ол спораны қолайсыз жағдайлар әсерінен қорғайды. Спора түзу қа-
рапайымдыларда кездеседі.

    Жыныссыз көбеюдің тағы бір түрі – бүршіктену арқылы көбею
кезінде аналық жасушада алдымен ядросы бар кішкентай төмпешік
пайда болады. Бүршік өсіп, аналық жасушаның мөлшеріне жеткен
кезде одан бөлініп кетеді. Мысалы. ашытқы саңырауқұлақтары,
кейбір инфузориялар. Көпжасушалы жануарларда (тұщы су гидра-
сы) бүршік дене қабырғасының екі қабаты энтодерма мен экто-
дермадан тұрады. Бүршік ұзарып, оның алдыңғы ұшында қармала-
ғыштарымен қоршалған ауыз тесігі түзіледі. Бүршіктенудің соңында
кішкентай гидра түзіледі. Ол аналық организмнен бөлініп, жеке
тіршілік ете алады.

    Өсімдіктерде жыныссыз көбею вегетативті дене бөліктері ар-
қылы жүреді, мысалы, қалемшелер (ағаш, тал), мұртшалар (таңқу-
рай), түйнектер (картоп), пиязшықтар (қызғалдақ), т.б. Мұндай кө-
бею вегетативті көбею деп аталады.

    Кез келген жыныссыз көбеюде барлық ұрпақтарда аналыққа ұқ-
сас генотиптері болады. Жыныссыз көбеюде тек нақты бір түр са-
нының өсуі жүреді, ол түр ішіндегі генетикалық әртүрліліктің бо-
луына әсерін тигізбейді. Қоршаған орта жағдайларының өзгеруі
әсерінен түзілетін пайдалы, жаңа белгілер тек мутация нәтижесінде
болады.

    Өсімдіктердің тамыр меристемасын алдын ала ингибитор-
лармен өңдегендегі митоздық бөлінудің белсенділігін анықтау

    Ұлпаларда митотикалық белсенділігі митоздың фазаларындағы
жасушалардың санының меристема жасушаларындағы жалпы жа-
сушаларының қатынасымен анықталады. Бұл қатынас пайызбен
немесе митотикалық индекспен белгіленеді. Митоздың белсенділігі
көбіне, промилмен (0/1000) анықталып, зерттелетін ұлпаның 1000
санына тең.

           18

⇐ МАЗМҰНЫ
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23