Page 19 - index
P. 19

Митотикалық циклдің белсенділігін тұрақты немесе уақытша
дайындалған препараттармен зерттейді. Бұл уақытта жасушалар бө-
лінетін зона формасы және мөлшері жағынан басқа зонадан жақсы
айқындалуы тиіс. Сабаққа алдын ала өңделген (ингибиторлармен)
пияздың, бұршақтың, арпаның, қарақұмықтың, қант қызылшасы-
ның, т.б. дақылдардың тұқымын алады.

    Тапсырманы орындау
    1. Жоғарыда көрсетілген дақылдардың өсіндісінен жасалған тұ-
рақты және уақытша препараттарды микроскоппен (объектив х9,
окуляр х15) мұқият қарап жасушаның бөліну зонасын анықтау (та-
мырдың өсу меристемасы). Тұрақты препараттан жасушалардың
қатары жақсы көрінеді. Әр препараттан қатардағы жасушалардың
санын анықтап, қатардың санын көбейтеді. Бұдан соң митоздың
фазаларындағы жасушаларды санайды. Уақытша дайындалған пре-
параттарды митозда жасушалардың жалпы санын анықтайды.
    2. Бақылау нұсқадағы және тәжірибедегі жасушаларды жалпы
санын есептеп, кестеге енгізу қажет (1-кесте).
    1. Профаза, метафаза, анафаза және телофазадағы жасушалар-
ды санап, кестедегі орнына жазыңдар.
    2. Басқа фиксациялардағы митоздың фазаларындағы жасу-
шаларды санап, кестеге енгізіңдер. Алынған нәтижелерді дәл бөлу
үшін, фиксациялардағы нәтижелерді біріктірген жөн.
    3. Митотикалық индексті МИ= М/Nх1000 формуласымен анық-
тайды, мұнда, М – митоздың саны, N – бөліну зонасындағы жа-
сушаның саны.
    4. Тәжірибенің нәтижелерін қорытындылау және митотикалық
белсенділігінің тамыр меристемасының ұзындығына тәуелді еке-
нін анықтау.

                                                                     1-кесте
Пияздың тамыр меристемасының бөліну зонасындағы

                митотикалық индекс (МИ)

   Тамыр      Фиксация-  Бөліну зонасындағы                              Митотикалық индекс
 өсіндісінің      ның    жасушалардың саны                                    (МИ) 0/1000
фиксациялау        №
  кезіндегі              Оның ішінде митозда
  мөлшері
                         Барлығы
    (5 мм)                       Барлығы
                                          Профаза
                                                  Метафаза
                                                        Анафаза
                                                               Телофаза

                         19

⇐ МАЗМҰНЫ
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24