Page 166 - index
P. 166

қан ұйымайтын ауруды бақылайтын ген жыныс хромосомада орна-
ласқандықтан тіркесіп берілетінін көрсетеді. Сау ата-анасынан ауру
бала тууы геннің рецессивті екенін көрсетеді. Х-хромосомамен (жы-
ныспен) тіркескен доминантты белгілердің тұқым қуалау типінде
аурулар міндетті түрде келесі әр ұрпақта көрінеді. Бұл тұқым қуалау
типінде де өзіндік ерекшеліктері бар. Олар: 1. Егер отбасында әкесі
ауру болса, онда оның барлық қыздары ауру, ал барлық ұлдары сау
болып туады. 2. Ата-анасының біреуі ауру болған жағдайда ауру ба-
лалар дүниеге келеді. 3. Ата-анасы сау отбасында сау балалар туады.
4. Егер отбасында анасы ауру болса, онда жынысқа тәуелсіз ауру
бала тууының ықтималдығы 50 пайызға тең. 5. Аурумен әйелдерде,
еркектерде ауырады, бірақ отбасында еркектерге қарағанда әйелдер
екі есе көп ауырады. Мысал ретінде адам тісінің қоңыр сары
белгісінің тұқым қуалауын қарастырайық. Ол (31-суретте) берілген.

                                                                                
31-сурет. Адам тісінің қоңыр сары белгісінің тұқым қуалауы

    Шежіренің көрсетуі бойынша тіс эмалінің қоңыр белгісін бақы-
лайтын ген доминантты түрде тұқым қуалайтынын көрсетеді.

    Оны ата-анасының біреуі сау, екіншісі ауру отбасынан тісінің
эмалы қоңыр баланың тууын көрсетеді. Егер ата-анасының екеуі де
сау болған жағдайда, олардан сау балалар туады.

    4 ұрпақтың сибстерін талдайтын болсақ, онда 12 сибстердің
4-еуінің тісі қалыпты түсті – ақ, қалған 8-інің қоңыр түсті болған.
Осы балалардың шешесінің тісі – ақ, ал әкесінікі – қоңыр. Бұл
ұрпақта ұл балаларының тісінің түсі қалыпты да, қыздарынікі қо-
ңыр. Неге тістің қоңыр түсін анықтайтын ген тек қыздарына бері-
леді? Олай болатын себебі тістің қоңыр түсіне жауапты ген әкесінің
Х-хромосомасында орналасқан.Сондықтан ол ген ұлына берілмей,
барлық қыздарына беріледі. Бұл – Х-хромосомамен тіркескен доми-
нантты белгілердің тұқым қуалауы. Фосфатемия (қанда фосфаттың
жетіспеуі) ауруы осы жолмен тұқым қуалайды.

           166

⇐ МАЗМҰНЫ
   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171