Page 22 - index
P. 22

2-жұмыс
                Жынысты көбеюдің цитологиялық негізі

    Тақырыбы: Жыныс жасушаларының мейоз жолымен бөлі-
нуі. Жыныс жасушаларының дамуы. Ұрықтану.

    Мақсаты: Мейоздың редукциялық және эквациялық жолдар-
мен бөліну ерекшеліктерімен танысу.

    Құрал-жабдықтар: Пияз (Allium cepa) тозаңынан дайындал-
ған цитологиялық тұрақты препараттар. Бидай мен арпа өсімдігінің
тозаңдарынан жасалатын уақытша препараттар.

    Шегірткенің (Stenobothrus lineatus) және аскариданың (Ascaris
megaio-cephala) аталық ұрық безі жасушасындағы мейоздың фаза-
лары (тұрақты) препараттар. Микроскоп, зат және жабын шыны.

    Тапсырмалар:
    1. Тапсырма: Пияз өсімдігінің (Allium cepa) тозаңынан жасал-
ған тұрақты препаратын қарап, лептотена, зиготена, пахитена, дип-
лотена, метафаза 1; анафаза 1; телофаза 1; метафазаІІ, анафазаІІ,
телофазаІІ суреттерін салу.
    2. Шегірткенің және аскариданың ұрық бездерінен жасалған
препарат тарды қарап суретін салу.
    3. Дала практикасында бидай мен арпа өсімдігінің тозаңдары-
нан жасалатын уақытша препараттарды талдау.
    4. Тапсырма алған әр студент тұрақты препараттарды мұқият қа-
рап, суреттерін дәптеріне түсіріп, кезеңдерін анықтап, хромосома-
ларды көрсетіп, аттарын белгілейді.
    Тапсырмаға түсініктеме:
    Мейоз (грек. мейозис – азаю) – жыныс жасушаларының бөлі-
нуі. Соның нәтижесінде түзілген жыныс жасушаларында хромосо-
малар жиынтығы екі есе аз гаплоидты, ал жай жасушаларда (сома-
лық) хромосомалық жиынтық диплоидты болады. Мейоздық бөліну
кезінде хромосомалар саны екі есе азаятындықтан, бұл бөліну ре-
дукциялық бөліну деп аталады. Мысалы, адамда хромосомалар саны
– 46, ал адамның жыныс жасушаларында 23 хромосома болады.
Ұрықтану кезінде екі жыныс жасушалары (гаметалар) қосылғанда,
хромосомалардың диплоидты саны қалыпты орнына келеді. Ұрық-
танған жұмыртқа жасушасы зигота (грек. зигос – біріккен) деп ата-
лады және ол болашақ организмнің бастамасы болып табылады.
    Мейоз үдерісі бірінен соң бірі тез арада үздіксіз жүріп отыра-
тын екі жасушалық бөлінуден тұрады. Бұл бөлінуде ДНҚ-ның екі

           22

⇐ МАЗМҰНЫ
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27