Page 23 - index
P. 23

еселенуі өсу кезеңінде жүзеге асады. Бірінші мейоздық бөлінуден
кейін бірден екінші мейоздық бөліну басталады да, олардың ара-
сында хромосоманың хроматидалары синтезделмейді. Митозға кіре-
тін жасушаларда хромосомалар саны диплоидты (2n) болады, оларға
сәйкес келетін ДНҚ молекула саны (2с) болады.

    Мейоздық бөліну кезінде бір диплоидты жасушадан төрт гап-
лоидты жасуша түзіледі. Осы бөліну барысында хромосомада екі
үдеріс жүреді:

    1) жасушаның полюстеріне гомологті хромосомалардың бір-бі-
рінен тәуелсіз ажырауы;

    2) гомологті хромосомалар хромотидалары учаскелерінің ал-
масуы, яғни кроссинговер үрдісі жүреді.

    Осы екі үрдісі болашақ ұрпақта тұқым қуалайтын өзгергіш-
тік тудырады және Дарвин ілімі бойынша эволюцияның қозғаушы
факторларының бірі есебінде қарастырылады.

    І. Бірінші мейоздық бөліну. Бірінші мейоздық бөліну редук-
циялық деп аталып, диплоидты жасушалардан (2n4c) гаплоидты
жасушалар түзіледі (n2c). Бұл бөліну екінші бөлінуге қарағанда
ұзақ уақыт жүреді. Мейоздың І профаза кезеңі митоз кезеңіне ұқсас
болғанымен, ұзаққа созылады. Мұнда генетикалық материалдың
тұтас жинақталуы хромосомалардың ширатылуы байқалады. Со-
нымен қатар митозда жүрмейтін мынадай құбылыстар байқалады:
гомологиялық хромосомалар бір-бірімен конъюгацияланып, белгі-
лі бір бөліктерімен өзара айқасу жүреді. Конъюгация (қосылу) нә-
тижесінде хромосома жұбы түзіледі немесе оларды n саны бар
биваленттер деп атайды. Мейозға қатысатын әрбір хромосома екі
хроматидадан тұратындықтан, бивалентте 4 хроматида болады.
Профаза соңында бивалентті хромосомаларда ширатылу жоғары
қарқынмен жүріп қысқарады. Митоздағыдай мейоздың І профаза
кезеңінде бөліну ұршығы түзіле бастайды, оның көмегімен хро-
мосомадағы материал жаңа ұрпақ жасушалары арасында теңдей
бөлінеді.

    Редукциялы бөлінудің профазасы өте күрделі. Ол бірін-бірі то-
лықтыра жүретін: лептотена; зиготена; пахитена; диплотена; диаки-
нез сияқты бірнеше сатыдан тұрады. (5 а-сурет).

    Лептотена – жіңішке жіпшілер сатысы. Бұл – мейоздың
І профаза кезеңінің алғашқы сатысы. Мұнда хромосомалар ши-
ратылып, жарық микроскопы арқылы ұзын әрі жіңішке түрінде

           23

⇐ МАЗМҰНЫ
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28