Page 177 - index
P. 177

тапқан. Бұл негіздер геннің генетикалық ақпаратты тасымайтын
бөлімінде нитрондарда орналасқан. Олар ДНҚ тізбегінің бойына
3-тен 30 есе қайталанатын нуклеотидтерден тұратыны белгілі бол-
ды. Адам ДНҚ-ның бір участегінен бірдей нуклеотидтердің 10 есе,
екінші бір жерінде 20 есе, үшінші бір жерінде 30 есе қайталана-
тыны анықталды. Бұл учаскелерді ДНҚ-ның минисателлиттері деп
атады. Минисателлиттердің мөлшері, пішіні және оны құрайтын
нуклеотидтердің саны әр адамның өзіне ғана тән. Бір адамның мү-
шелерінің (жүрек, өкпе, бауыр, қан, ми, тері және басқа) клетка-
ларының ДНҚ-ның минисателлит учаскелері бірдей болады. Адам
баласы қартаюдың, аурудың, өмірдің қиыншылықтарының әсерінен
келбетін, түрін өзгертуі мүмкін. Бірақ оның денесінің әр клеткасының
ДНҚ тізбегінің құрамы анасының құрсағында жатқаннан бастап
өлгеннен кейінде сол күйінде сақталады. Тек генотипі бірдей бір
жұмыртқалы егіздерде минисателлиттер бірдей болады.

    Әдістің орындалу тәртібі төмендегіше: қаннан, сілекейден, спер-
мадан, шаштан, терінің аз бөлшегі клеткаларынан алынған ДНҚ
молекуласы төрт шыны түтікшеге (пробиркаға) бөлінеді. Әр түтік-
шеге рестрикциялық ферментті қосады. Бұл фермент ДНҚ тізбе-
гіндегі төрт азотты негіздің біреуін ғана талқандайды. Осының нә-
тижесінде ДНҚ тізбегі толық минисателлитті бөліктерге бөлінеді.

    Жұмыстың келесі кезеңінде бөлінген минисателлиттерді мөл-
шері бойынша сұрыптайды. Бұдан соң әр пробиркадан фермент-
пен өңделген ДНҚ гельмен беті жамылған пластинкаға көшіріп,
электрофорез әдісін қолданады. Мұнда көлемі жағынан кішкене
бөліктер ірі бөліктерге қарағанда жылдам ауысады. Он шақты
нуклеотидтері бар минисателиттер арнайы радиоактивті «зондтар»
арқылы бөлініп алынады. Зондтар радиоактивті болғандықтан, ми-
нисателиттің көшірмесін жарық сезгіш пластинкаға көшіріп элек-
трофореграммасын зерттеп оқиды. Сонымен, генотипоскопия әдісі
ДНҚ тізбегіндегі нуклеотидтердің қатарлары арқылы кез келген
тұлғаның бір-бірімен туыстық жақындығын және қылмыстық іс-
терге қатынасы бар немесе жоқ екенін анықтайды. Криминалис-
тикалық зерттеулерде кеңінен пайдаланады. Бұл әдістің нәтижелері
нақты, қатесіз. Тағы бір ұтымдысы анализге алынатын биологиялық
материалдар аз мөлшерде алынады. Қазақстанда генотипоскопия-
лық әдісті сот экспертиза орталығында 2001 жылдап бастап қолда-
нып келеді.

           177

⇐ МАЗМҰНЫ
   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182