Page 190 - index
P. 190

Инверсия дегеніміз – бір хромосоманың ішкі бөлігінің 1800 өз-
геруі (23-сурет). А – хромосома.

    Сақина тәрізді хромосомалар – бұл таяқша тәрізді хромосома-
ның сақина тәрізді болып өзгеруі (24-сурет).

    Жетіспеушілік (делеция) деп хромосома иықтарының бөл-
шектерге үзілуін айтады. Хромосомалық мутациялар гендердің жұ-
мысын өзгертеді. Мысалы, центромерасы бар транслокациялық, ин-
версиялық мутациялар тұқым қуалайды. Олар эволюция үдерісінде
жаңа түрлердің пайда болуына ықпал етеді.

    Тапсырмаларды орындау
    Микроскоптың көмегімен өсімдіктердің уақытша препаратта-
рынан хромосомаларды тауып, құрылымдық өзгерістердің типін
анықта, препарттарды суретке түсіріп, жасушадағы хромосома
жиынтығындағы өзгерістерді талдау.

                     Бақылау сұрақтары мен есептері
    1. Өзгергіштіктің қандай түрлері бар?
    2. Мутациялық өзгергіштіктің түзілуі және ұрпаққа беру жолдары.
    3. Хромосомдық мутациялардың түрлерін анықтаңдар.

    Есептер
    1-есеп. Жүгері өсімдігінің кейбір түрлерінің жасушасының ме-
йоздық бөлінуін зерттегенде ІV және V хромосомалары сақина тү-
зетінін көрсетеді. Хромосомалардың осындай ерекше айқасуын не-
мен түсіндіруге болады?
    Шешуі: Бұл құбылысты ІV және V хромосомалар арасында ре-
ципрокты транслокация жүрген. Ал олардың гомологты хромосо-
малары өзгермей қалған. Осының нәтижесінде І мейоздың мета-
фазасында төрт хромосомадан тұратын сақина түзіледі.
    2-есеп. Мына хромосомалардың конъюгациясын көрсетіңдер:
    1 · 2· 3· 6· 7· 8 · 9
    ---------------------------
    ---------------------------
    1 2 3 4 5 6 7 8 9 (сандар гендерді көрсетеді).
    Шешуі. Делецияға ұшыраған гомологты хромосома үлескісінің
4- және 5-гендері жоқ. Сондықтан өзгермеген қалыпты хромосомада
осы жерінде түйін пайда болады. Хромосомалар тек 2 үлескісі-
мен ғана алмаса алады, бірінші – 1-, 2-генмен, екінші – 6-, 7-, 8-,
9-гендермен алмаса алады.

           190

⇐ МАЗМҰНЫ
   185   186   187   188   189   190   191   192   193   194   195