Page 24 - index
P. 24

әрең көрінеді. Лептотена кезеңіне тән белгінің бірі хромосоманың
жіңішке құрылымында моншақ тәрізді хромомерлер пайда болады.
Әрбір хромосома сіңлілі әрбір хромотидадан тұрады.

    Зиготена – (ұқсас) жұп хромосомалардың белгілі бөліктерін
қосатын саты. Гомологті хромосомалар конъюгацияланып, бива-
лент түзеді. Бивалент бұл екі еселенген гомологті хромосомалар-
дың жұп қосылыстары, яғни әрбір бивалент төрт хроматидадан
тұрады. Ядродағы бивалент саны гаплоидты хромосомалар санына
тең болады. Адамда 46 хромосома 23 жұп гомологты хромосома-
лар конъюгацияланатындықтан, биваленттің саны 23-ке тең, ол гап-
лоидты хромосомалар санына сәйкес келеді.

    Пахитена – жуан жіпшелер сатысы. Мұнда хромосомалар-
дың ширатылуы мен олардың қысқаруы сияқты үдерістермен қатар
гомологтық хромосомаларда айқасу немесе кроссинговер үдерісі
жүзеге асады, яғни сәйкес бөліктерінің айқасып алмасуы жүре-
ді. Мейоздық профаза сатысының ішіндегі ең ұзаққа созылатын
бұл – пахитена сатысы. Кроссинговер кезінде жұп хромосомалар
ішінде генетикалық ақпарат алмасады. Ерекше айта кететін жайт,
мейоз кезінде әкесі мен шешесінен алынған жұп хромосомалардың
жақындасуы жүреді. Соның нәтижесінде кроссинговер кезінде бір
гаплоидты хромосомаға ата-анасының екеуінің де қасиеттері мен
белгілері беріледі. Мысалы, шешесінен берілген көзінің көк түсі, ал
әкесінен берілген көзінің қара түсі.

    Диплотена – жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы. Мұнда
гомологтік хромосомалардың арасында тебіліс күші пайда болып,
олар бір-бірінен ажырай бастайды. Гомологиялық хромосомалар бір-
бірінен ажырап алыстағанда, Х тәрізденген өрнектер пайда болады.
Бұл өрнектерді хиазмалар деп атайды.

    Бірақ кроссинговер өткен аймақтар, хиазмаларда өз байланыс-
тарын үзбейді. Диплотена сатысында хромосомалар біршама қыс-
қарып, конденсацияланады, нәтижесінде оның 4 жіпшелі құрылы-
мы анық көрінеді. Хиазма аймағында 4 хроматидтің тек екеуі ғана
айқасады және олар әрбір гомологтен бір-бірден алынған.

    Диакинез – қос жіпшелердің оңашалану, жекешелену кезі.
Бұл – мейоздың І профаза кезеңінің соңғы сатысы. Мұнда гомолог-
тік хромосомалар тек белгілі бір хиазма нүктелерінде ғана бірігіп
тұрады және сақина, сегіздік, т.б. ерекше формаларға ие болады.
Олар алдымен бірнеше жерден байланған арқандарға ұқсас келеді.
Осы фазадан кейін жасушалардың мейоздық бөлінуі басталады.

           24

⇐ МАЗМҰНЫ
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29