Page 194 - index
P. 194

гафф ережесі деп атаған. Сонымен жоғарыдағы айтылған азот-
тық негіздердің әр жұбы бір-бірімен комплементарлы (бірін-бірі
толықтырады) болады. Сондықтан да әрбір ДНҚ жіпшесі азоттық
негіздердің құрамы жағынан комплементарлы басқа ДНҚ жіпшесін
қажет етеді. Бұл қасиет ДНҚ репликациясы құбылысын жақсар-
тады. Репликация (лат. репликациум – қалып) – ДНҚ-ның екі есе-
ленуі, ерекше ферменттер қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Нә-
тижесінде, бөлінген әрбір ДНҚ жіпшесі толық құрылып, бітуі үшін
комплементарлы жіпше іздейді.

    ДНҚ синтезі. ДНҚ синтезі жасуша бөлінуінің алдындағы
интерфаза кезеңінде жүреді. Бұл кезде ДНҚ молекуласы өзінің екі
жіпшесінің комплементарлы көшірілуі жолымен екі еселенеді.
Алдымен, ДНҚ орамасы гираза ферментінің әсерінен тарқатылады.
Содан кейін әрбір жіпшеден ДНҚ ферменті полимераза көмегімен
комплементарлы түрде жаңа жіпше синтезделеді. Сонымен ДНҚ
молекуласының құрамында бір-біріне ұқсас екі қос тізбекті моле-
кулалар пайда болады және олардың әрқайсысының бір тізбегі бұ-
рынғы ескі, ал екіншісі жаңадан түзілген. Мұндай ДНҚ синтезінің
түрі жартылай консервативті деп аталады. Ата-аналық ДНҚ-
ның тарқатылуы мен синтез үдерісінің бір уақытта жүретін бөлігі
репликациялық айырма деп аталады. ДНҚ синтезі үшін міндетті
төрт дезоксириботри-нуклеотид – дАТФ, дГТФ, дЦТФ, дТТФ керек.

    ДНҚ репикациясының жартылай консервативті екенін 1957 жы-
лы америкалық ғалымдар М. Месельсон мен Ф. Сталь өздерінің
тәжірибелерінде дәлелдеген. Микроорганизмдер ДНҚ-сының нук-
леотидтері азоттың N15 ауыр изотопымен жоқ қоректік ортаға көші-
ріледі.

    Осылайша біршеше қайталанып жасалған тәжірибенің нәти-
жесінде ДНҚ-ның бір «ауыр» және бір «жеңіл» жіпшелерден тұ-
ратынын дәлелдеген. Яғни, бұрынғы жіпше негізінде комплемен-
тарлы репликация жолымен жаңа жіпше түзеді.

    Рибонуклеин қышқылы РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы – ол
бір тізбекті полимер, оның полимерлі жіпшесі қант қалдығы рибо-
за мен фосфор қышқылы қалдығының кезектесіп орналасуынан тұ-
рады. РНҚ-ның әр қант қалдығына 4 азоттық негіздер жалғасқан:
аденин, гуанин, цитозин және урацил (ДНҚ-дағы тиминнің орны-
на). Сонымен, РНҚ-ның ДНҚ-дан басты айырмашылығы – оның
құрамында тиминнің орнына азоттық негіз урацил, ал дезоксири-
боза қантының орнына рибоза қанты кіреді.

           194

⇐ МАЗМҰНЫ
   189   190   191   192   193   194   195   196   197   198   199