Page 195 - index
P. 195

РНҚ-ның: ақпарттық немесе матрицалық РНҚ (аРНҚ); тасы-
малдаушы РНҚ (тРНҚ) және рибосомалық РНҚ (рРНҚ) сияқты
негізгі үш түрі бар. аРНҚ-ның қызметі: бір немесе бірнеше нәруздар
жайлы ДНҚ-ның гентикалық ақпаратын жазу және нәруыздың
синтезі жайлы ақпаратты цитоплазмаға тасымалдау. тРНҚ аминқыш-
қылдарын рибосомаларға тасымалдайды, ал рРНҚ рибосоманың
құрылымдық тірегін түзеді, онда нәруыз синтездеу үдерісі жүреді.

    РНҚ синтезі. Генетикалық ақпаратты сақтайтын және жүзеге
асыратын негізгі молекула ДНҚ молекуласы болып табылады. Белгілі
уақытта белгілі ақпаратты уақытша сақтау үшін негізгі генетика-
лық ақпаратты көшіру қызметін ақпараттық РНҚ атқарады.

    Ақпараттық РНқ мынадай үлгіде синтезделеді. Алдымен гераза
ферментінің әсерінен ДНҚ бөлігі тарқатылады да, ДНҚ бағыныш-
ты РНҚ полимераза ферментінің көмегімен РНҚ-ға комплементар-
лы принцип бойынша синтезделеді. Фермент толық жұмыс істеу
үшін міндетті түрде барлық төрт нуклеотид АТФ, ГТФ, ЦТФ және
УТФ болуы керек. Барлық жүретін үдеріс ДНҚ репликациясына
ұқсас болады, мұнда тек дезоксирибоза қанты рибозамен және
тимин урацилмен алмасады. РНҚ-ның бір ерекшелігі – ДНҚ-ның
негізгі жіпшесінен ажырап, цитоплазмаға тасымалданады. ДНҚ
матрицасындағы РНҚ-ның синтезделу процесі транскрипция (лат.
транскрипцио – көшіру ) деп аталады.

                           Бақылау сұрақтар
1.Нуклеин қышқылдары жасушада қандай қызмет атқарады.
2. РНҚ синтезі қалай жүреді?
3. Нәруыздар биосинтезі процесінде аРНҚ-ның рөлі қандай?
4.Нәруыздардың қызметі қандай?
5.Репликация дегеніміз не?
6.Чаргофф ережесінің мәні неде?
7.Ген және генетикалық код дегеніміз не?
8.ДНҚ мен РНҚ ұқсастығы және айырмашылығы неде?

    Тапсырмаларды орындау
    Молекулярлық генетикаға арнаған есептер шығарудың жол-
дары
    1-есеп. ДНҚ молекуласының бір тізбегі: ААГГЦТЦТАГГТАЦ-
ЦАГТ сияқты нуклеотидтер қатарынан тұрады.
    а. Комплементарлы тізбектегі нуклеотидтердің қатарын анық-
таңдар.

           195

⇐ МАЗМҰНЫ
   190   191   192   193   194   195   196   197   198   199   200