Page 215 - index
P. 215

19-жұмыс

    Тақырыбы: Мәдени өсімдіктердің генетикалық коллекция-
сымен және шағылыстырудың әдістерімен танысу.

    Мақсаты: Шағылыстырудағы қажетті дақылдардың сорттарының
ерекшеліктерімен шағылыстырудың технологиясын көрсету.

    Құрал-жабдықтар: Өсімдіктердің сорттары, қайшы, тамшуыр,
пышақ, қысқыш, аласа орындықтар, мақта, жұмсақ сым, қазық, эти-
кетка, шағылыстыру журналы.

    Тапсырмалар:
    1. Егілетін дақылдардың әртүрлі сорттарының нақты белгілері-
мен танысу, олардың өсіп-өну, даму фазаларымен танысу, шағылысу-
ға алынатын өсімдіктер белгілерінің генетикалық картасымен танысу,
өсімдіктерді шағылыстыруға дайындау.
    2. Шағылыстыруға алынатын өсімдіктердің (5-10) гүлінен ата-
лығын айырып, аналығы пісіп жетілген кезде оларды тозаңдандыру.
    3. Изоляторды дайындау.
    Генетикалық қолданылатын негізгі әдіс – генетикалық анализ,
оның ең бастысы гибридологиялық әдіс болып табылады. Генети-
калық коллекция – мутациялық өзгерістерінің коллекциясы. Мұнда
бір түрге жататын дақылдардың бір-бірінен айрықша белгілері ар-
қылы айқындалатын формалары болады. Сонымен қоса селекция
үшін керекті белгілері бар организмдермен қатар практикаға ешбір
пайдасы жоқ белгілері бар мутантты формалары да болады.
    Генетикалық участкеде шағылыстыруға пайдаланылатын өсім-
діктердің (мысалы, бидай, арпа, сұлы, жүгері, бұршақ) коллек-
циясымен студенттер зертханалық сабақтарда танысып, олардың
хромосомалары санын, олардың генетикалық картасын біліп, ген-
нің атын, хромосомадағы орнын, қандай белгілерді бақылайты-
нын, кейбір белгілердің тұқым қуалау қасиетіне генетикалық
анализ жасай білуге үйрету керек. И. А. Захаровтың “Генетические
карты высших организмов” деген оқулығын пайдалану керек. Со-
нымен генетикалық коллекцияны бір түрге жататын дақылдың
алуан түрлілігінің жиынтығы деп есептеуге болады.
    Шағылыстырудың әдістерімен таныстыру
    Студенттер гибридологиялық анализ жүргізу кезінде, мынадай
ережелерді ескеруі қажет:

           215

⇐ МАЗМҰНЫ
   210   211   212   213   214   215   216   217   218   219   220