Page 216 - index
P. 216

1. Шағылыстыруға алынатын аталық және аналық организмдер
баламалы (қарама-қарсы) белгілерімен ажыратылуы тиіс. Мысалы,
тұқымның түсі – сары, жасыл; тегіс, бұдыр; өсімдіктің бойы – биік,
аласа.

    2. Осындай белгілердің тұрақтылығын (өзгермейтінін) білу
үшін аталық, аналық организмдерге 2-3 ұрпақ бойына анализ жүр-
гізуді қажет етеді.

    3. Әрбір ұрпақ буданын тұқым қуалайтын белгілері бойынша
есепке алу керек. Гибридологиялық анализ әдетте, шағылыстырулар
жүйесінен тұрады. Оған бірінші ұрпақ алу, бірінші ұрпақ будандарын
өзара шағылыстырудан екінші ұрпақ алу және қайталап шағылыс-
тыру, талдаушы шағылыстыру жатады. Талдаушы шағылыстыру
бірінші ұрпақтың буданын рецессивтік формамен шағылыстыру.
Ол белгілердің тұқым қуалау сипатын зерттеу кезінде генетикалық
карталар жасау үшін селекциялық мақсаттар үшін пайдаланылады,
зерттелуші особьтардың генотипін (гомо немесе гетерозиготалы-
ғын) анықтау үшін үлгі әдіс ретінде қолданылады.

    Генетикалық символика
    Шағылыстыру сызбасын, организмдердің фенотиптері мен
генотиптерін жазу үшін арнаулы генетикалық бейнелер қолданы-
лады. Шағылыстыруды көбейту (х) белгісімен белгілейді. Ата-ана
организмдерін латын әрпімен Р (латынша parenta – ата-ана) белгі-
лейді. Шағылыстыру сызбасын жазғанда бірінші орынға аналық
организмін, ал екінші орынға аталықты қояды. Аналық жыныс ♀,
ал аталық жынысын ♂, белгілерімен белгілейді. Ұрпақты латынның
Ғ әрпәмен (латынша Filus-ұрпақ), ал тиісті ұрпақтар саны цифр
индекстерімен – Ғ1, Ғ2, Ғ3, т.б. белгілерімен беріледі. Ған – анализдеуші
шағылыстыру ұрпағы, Ғқ – қайыра шағылыстыру ұрпағы. Доминатты
(басым) гендер бас әріптермен (А), рецессивті (тұншыққан) ген-
дер-кіші әріптермен (а), аллельді гендер аттас әріптермен (Аа) бел-
гіленеді. Фенотипті жазу үшін фенотиптік радикал А-,В-, ааВ, А-вв,
т.б. қолданылады.
    1-үлгі. РР ♀ х ♂
    Ғ1 – бірінші ұрпақ, Ғ2 – екінші ұрпақ, Ғ3 – үшінші ұрпақ, т.б.
    Тапсырмаларды орындау:
    Изоляторды дайындау. Жел арқылы тозаңданатын көпшілік
өсімдіктерге пергамент изолятор қолданылады. Оларды қабырғасы
ұзын, төрт бұрышты қағазды бүктеу арқылы жасайды.

           216

⇐ МАЗМҰНЫ
   211   212   213   214   215   216   217   218   219   220   221