Page 58 - index
P. 58

Көк көзді еркектің генотипі басынан белгілі гомозигота (аа),
себебі ол рецессивті белгі. Қой көзді әйел генотипі жағынан гомо-
зигота АА немесе гетерозигота Аа болуы мүмкін, себебі қой көзді
белгі доминантты. Әйел өзінің көк көзді әкесінен тек көк көзді бел-
гіні анықтайтын генді алатындықтан, оның генотипі гетерозигота Аа
болады. Бұл отбасында қой көзді ұрпақ келеді, оның генотипі әке-
сінің көзі көк болғандықтан, гомозигота бола алмайды, гетерозигота
Аа болады.

    Некенің үлгісін көрсетейік:

            Р. Аа Х аа
            Г. А а а
            Ғ1. Аа

    Сонымен, еркектің генотипі – аа, әйелдікі – Аа, оның баласының
генотипі – Аа.

    2-есеп. Адамда тас керең ауруы аутосомды рецессивті типте
тұқым қуалайды. Егер әке-шешесіде осы ауру бойынша гетерозиго-
та болған жағдайда, осы отбасында сау және ауру балалардың туу
ықтималдығы қандай?

    Шешуі:
    Есептің шартын кестеге түсіреміз.

Белгі         Ген  Генотип
Жақсы естиді  А    Аа
Тас керең     а    аа

    Р. Г1 Аа Х Аа
    Г. А а А а
    Ғ2 АА 2Аа аа

    Некеге отырған ата-ананың генотипі гетерозигота Аа және Аа.
Олар жақсы естиді. Гетерозиготалы ата-анадан балалардың өмірге
келу ықтималдығы генотипі бойынша мынадай болады. АА – 25%,
Аа – 50%, аа – 25 пайыз болады. Сонда сау балалардың өмірге келу
ықтималдығы – 75%, ал ауру болуының ықтималдығы – 25 пайыз
болады.

    3-есеп. Адамда алты саусақтың болуын /полидактилия/ доми-
нантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің анық-
тайтыны белгілі. Алты саусақты еркек, бес саусақты әйелге үйле-

              58

⇐ МАЗМҰНЫ
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63