Page 59 - index
P. 59

неді. Олардың бес баласы бар, бәрі де алты саусақты. Егер ұлда-
рының біреуі бес саусақты әйелге үйленіп, бірнеше баласы болса,
онда қанша баласы полидактилиямен ауырады?

    Шешуі:
    Есептің шартын кестеге енгіземіз:

Белгі            Ген      Генотип
Алты саусақты    К        КК, Кк
Бес саусақты     к        Кк

    Мұнда әйелдің генотипі белгілі – рецессивті гомозигота кк.
Еркекте доминантты ген болғандықтан оның генотипі осы белгі
бойынша гомозиготалы немесе гетерозиготалы болуы мүмкін. Бес
баласының бәрі де алты саусақты болғандықтан, әкесінің генотипі
гомозигота екенін көрсетеді. Балаларының генотиптері гетерози-
гота, себебі бір генді әкесінен, екінші генді шешесінен алады. Бес
саусақты қызға үйленген баласының балаларының жартысы алты,
жартысы бес саусақты болады.

    Некенің үлгісін көрсетейік:

    Р. Кк Х кк
    Г. К к к

    Ғ1. Кк кк. Сонымен, балаларының алты саусақты болып тууы-
ның ықтималдығы – 50 пайызға тең.

    4-есеп. Адамда альбинизм белгісі аутосомды-рецессивті белгі
ретінде тұқым қуалайды. Ерлі-зайыптылардың біреуі альбинос,
екіншісі қалыпты. Осындай отбасында екі жұмыртқадан пайда
болған егіздер дүниеге келген. Олардың біреуі альбинос та, екіншісі
бұл белгі бойынша қалыпты. Келесі ұрпақта альбинизм белгісінің
болу ықтималдығын анықтау керек.

    Шешуі:
    Есептің шартын кестеге енгіземіз:

       Белгі     Ген      Генотип
       Қалыпты   А        АА, Аа
       Альбинос  а        аа

⇐ МАЗМҰНЫ             59
   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64