Page 97 - index
P. 97

15-сурет. Гендердің комплементарлық әсері

    Егер рецессивті аллельдер жеке келгенде фенотиптік көрініс
бере алмаса, Ғ2 ұрпақта белгілердің ажырауы өзгереді, яғни тек
екі фенотиптік класс қана түзіледі және олардың арақатынасы 9:7
болады.

    Мысалы, тұт жібек құрты (Bombyx mori) пілләсінің түсі генотип-
те екі доминантты аллельдер А және В болуымен анықталады, ал
рецессивті а және в аллельдері бар пілләсінің түсі ақ болады. Екі
ақ түсті жібек құрттарын будандастырғанда сары түсті будандар
алынған.

Р ♀ ААвв        Х  ♂ ааВВ
                     ақ түсті піллә
ақ түсті піллә

Ғ1 АаВв

сары түсті пілләлар өзін-өзі шағылыстырғанда Ғ2 ұрпақта:

Ғ2 9 А –В- : 3 А – вв : 3 ааВ- : 1 аавв

сары пілләлар (9) ақ пілләлар (7)

                   97

⇐ МАЗМҰНЫ
   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102