Page 15 - indexf
P. 15

1.2-сурет. ҚазҰТУ роботы

    1.3-суретте АБЖ іріктелген функционалды сұлбасы көрсетіл-
ген, ол келесі сипатты функционалды блоктардан тұрады: беруші
құрылғы – БҚ; салыстырушы құрылғы – СҚ; түрлендіруші құрылғы
– ТҚ; түзетуші құрылғы – ТТҚ; орындаушы құрылғы – ОҚ; өлшегіш
жүйе – ӨЖ. Аталған құрылғылардың жиынтығын басқарушы
құрылғы – БСҚ деп атаймыз.

    Осы функционалды блоктардан барлық мүмкін болатын бай-
ланыстар арқылы әр түрлі нақты АБЖ құруға болады. Сонымен
қатар кейбір блоктар кездеспеуі, ал кейбіреулерінің саны бірнеше
болуы мүмкін. 1.3-суретте кейде массив түрінде болатын кейбір
кіріс және шығыс сигналдар үшін жиі қолданылатын белгіленулер
келтірілген. Бұл жағдайда жүйе көппараметрлі деп аталады.

             БСҚ

g БҚ       СҚ  ТҚ ТТҚ ОҚ u БН y

                                ӨЖ

      1.3-сурет. АБЖ функционалды сұлбасы.

⇐ МАЗМҰНЫ      15
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20