Page 139 - indexf
P. 139

салы, фотодиод, тензорезистор. Техникада кең қолданысқа ие болған
датчиктер болып табылады.

    Датчик – өлшенетін шаманың функциясы болатын физикалық
шамалар әсерінен эквивалентті сигнал беретін бір немесе бірнеше
өлшеуіш түрлендіргіш.

    Өлшеуіш аспап (ӨА) – орнықты диапазонда өлшенетін физи-
калық шаманың мәнін алу үшін арналған құрылғы. Өлшенетін ша-
маның тіркеу түрі бойынша аспаптар аналогты және санды болып
бөлінеді. Ал тағайындалуы бойынша – электрлі және электрлі емес
шамаларды өлшейтін аспаптар болып бөлінеді.

    Өлшеу қондырғысы – ыңғайлы түрде өлшеу және ақпарат сиг-
налын өңдеу үшін арналған өлшеудің функционалды біріккен
құралдар жиыны. Олар өзінің құрамына өлшеуіш түрлендіргіш-
терді, өлшеуіш аспаптарды, сонымен қатар, әртүрлі қосалқы құ-
рылғыларды қоса алады.

    Өлшеу жүйесі – автоматты басқару жүйелерінде автоматты өң-
деуге, беруге және қолдануға ыңғайлы түрдегі өлшеу ақпаратының
сигналын өңдеу және бір немесе бірнеше физикалық шамалар-
ды өлшеу мақсатында бақыланатын нысанның әртүрлі нүктесінде
орналасқан ЭЕМ, басқа да техникалық құрылғылар және өлшеу
құралдарының өзара байланыс арналарымен функционалды бірік-
кен жиынтығы.

    Өлшеу – есептеу кешені нақты өлшеу міндеттері үшін арналған
өлшеу жүйесі болып келеді.

    Өлшеу нысанының қасиеті туралы ақпарат өлшеу құралының
кірісіне сигналдар түрінде түседі. Сигналды қалыптастыратын фи-
зикалық құбылыс табиғатына байланысты сигналдар механикалы,
электрлі, магнитті, жарықтық және басқа да түрлерге бөлінеді. Өзге-
ріс сипатына байланысты сигналдар уақыт бойынша тұрақты және
айнымалы болып бөлінеді. Уақыт бойынша айнымалы сигналдар өз
кезегінде кездейсоқ, детерменирленген және квазидетерменирлен-
ген сигналдар болып бөлінеді. Квазидетерменирленген сигналдар
уақыт бойынша өзгеріс заңдылығының белгілі сипаттамасына ие,
бірақ бір немесе бірнеше параметрлері белгісіз болып келеді. Мы-
салы, косинусоидалды сигналда жиілік және амплитуда белгілі,
бірақ фаза белгісіз.

    Жалпы, қарастырылып отырған датчиктер тек өлшеу үшін ғана
қызмет етпейді, олар ақпаратты өлшеу жүйелерінде сигналдарды

⇐ МАЗМҰНЫ  139
   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144