Page 140 - indexf
P. 140

беруге ыңғайлы болу үшін қажетті шамаларды басқа түрдегі ша-
маға түрленуін басқару үшін керекті өзгерістерді орындайды.
Пневматикалық датчиктерден басқа көптеген датчиктер әртүрлі
физикалық шамаларды электрлікке түрлендіреді.

    Автоматты басқару жүйелеріне ақпаратты өлшеу технология-
ларының үрдістерін жүзеге асыратын техникалық құрылғылар кі-
реді. Датчиктер АБЖ ақпаратты өлшеу жүйелерінің маңызды эле-
менттерінің бірі болып табылады. 7.20-суретте көрініп тұрғандай,
датчиктер сезімтал элементінен (СЭ) және сигнал түрлендіргішінен
(СТ) тұрады. Ақпараттың түрлену негізіне салынған физикалық
принциптерге сәйкес сезімтал элементтің автоматикада қолданы-
латын келесі түрлері ажыратылады:

    •• Резистивті (тензо және фоторезисторларды қоса алғанда);
    •• Электромагнитті (индуктивті, индукционды және басқалар);
    •• Холл түрлендіргіші;
    •• Оптикалық;
    •• Пьезоэлектрлік.
    Өлшеуіш аспаптарда сезімтал элемент ақпаратын электрлік сиг-
налдарға түрлендіру үшін арналған екі түрлі өлшеуіш сұлбасын
қолданады: параметрлік және генераторлы. Параметрлік ӨА сезім-
тал элемент сигналын кернеу немесе тоқ түрінде электрлік сигналға
түрлендіру орындалады. ӨА генераторлы өлшеу сұлбаларында се-
зімтал элемент генератор құрамына кіреді, бұл жерде сигналдың ге-
нерация жиілігі индуктивті және конденсатор орамымен құрылған
контурдың резонансты жиілігіне тең болып келеді.

           7.12-сурет. Датчик сұлбасы

    Датчиктер орындалатын функцияларына сәйкес кинестетикалы,
локационды,визуалдыжәнетактилдіболыпбөлінеді.Кинестетикалық
датчиктерге орын ауысу және күй датчиктері (резистивті күй
датчигі, электромагнитті күй датчигі, фотоэлектрлі күй датчигі);

⇐ МАЗМҰНЫ  140
   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145