Page 378 - indexf
P. 378

378  Қазақша-орысша политехникалық түсіндірме сөздік

Лабораторияда центрифуга арқылы        например, отделяют эритроциты от
суспензияның бөлшектерін ажы-          плазмы крови. В пищевой промыш-
ратада, мысалы, қанның плазмасы-       ленности центрифуги используют для
нан эритроцитты ажыратады. Тамақ       сепарации сливок из молока и сахара
өнеркәсібінде центрифуганы сүттен      из сиропов
кілегейді және сироптан қантты ажы-
ратып алуға пайдаланады

Цетандық сан – дизель отынының         Цетановое число – характеристика
тұтанғыштығының сипаттамасы. Це-       воспламеняемости дизельного топли-
тан саны көп болған сайын, отын        ва. Чем выше цетановое число, тем
қоспасының жануының кідіруі аз         меньше задержка и тем более спокой-
болады және жайлап, біртіндеп бір      но и плавно горит топливная смесь
қалыпты жанады

Циандау:                               Цианирование:
1) болат бұйымдардың беткі қабат-      1) насыщение поверхностных сло-
тарын бір мезгілде көміртекке және     ев стальных изделий одновременно
азотқа қанықтыру;                      углеродом и азотом;
2) рудалардан алтын мен күмісті ажы-   2) извлечение серебра и золота из руд
ратып алу әдісі

Цианометр (грек. kyanós – көкшіл       Цианометр – прибор, предназначен-
және ...метр) – күндізгі аспанның      ный для измерения цвета ясного днев-
көгілдірлік дәрежесін анықтауға        ного неба, разновидность колориме-
арналған прибор, колориметрдің бір     тра
түрі

Цикл (лат. cyclus; ерт.-грек. κύκλος – Цикл – единица измерения угла, а
шеңбер) – бұрыштың өлшем бірлігі, также фазы колебаний
сонымен қатар – тербеліс фазасы

Цикло́н (ерт.-грек. κυκλóν – айналып   Циклон́ – атмосферный вихрь огром-
тұрған) – диаметрі аса үлкен (жүз ки-  ного (от сотен до нескольких тысяч
лометрден бірнеше мың километрге       километров) диаметра с пониженным
дейін) атмосфералық құйын; оның        давлением воздуха в центре
центріндегі ауа қысымы төмен болып
келеді

Циклондық балқыту – тозаңға            Циклонная плавка – плавка, осно-
айналдырылған отынды циклон            ванная на циклонном (вихревом) сжи-
(құйын) түрінде жағуға негізделген     гании пылевидного топлива
балқыту

     МАЗМ¦НЫ
   373   374   375   376   377   378   379   380   381   382   383