Page 100 - index Bapaeva
P. 100

2. Әлеуметтік орта мен тұқымқуалаушылықтың рөлі
жайында

    Әлеуметтік орта субъект меңгеруі тиіс адамға тән тектік

қабілеттерді қамтитын барлық материалды және рухани
құндылықтар қамтылған дамудың бастауы ретінде түсіндіріледі.
Мінсіз қалып жиынтықталған әлеуметтік іс-әрекеттің тәжірибесін,
адамға тән психологиялық қабілеттер мен қасиеттердің идеалды
үлгілерін бейнелеу ретінде анықталады (Л. С. Выготский, Д.
Б. Эльконин).

    Тұқымқуалаушылық психикалық дамудың қажет, алай-
да жеткіліксіз шарты болып табылады. Адам болу үшін
тұқымқуалаушылықпен бекітілген сәйкес анатомиялық-
физиологиялық құрылысы мен физиологиялық қасиеттері бар
адам болып туу қажет.

    Адамның психикалық дамуы үшін органикалық тұқым
қуалаушылықтың қажеттігі:

    1) жоғары приматтарда адамға тән қабілеттерді қалыптастыру
мақсатында оларды тәрбиелеу жөніндегі тәжірибелермен;

    2) тұқымқуалаушылық зақымданғанда психикалық дамудың
бұзылыстарымен дәлелденеді. Кемістіктерді түзету және орнын
толтыру мүмкіндіктері шексіз емес. Көптеген генетикалық ауру-
лар онтогенездің қайтарымсыз бұзылуын әкеп соқтырады.

    Адамның тұқымқуалаушылығының қызмет етуші жүйе-
лерінің икемділігі, иілгішітігі оның жоғары жүйке жүйесінің
морфофизиологиялық құрылысына сәйкес ерекшеліктері болып
табылады. Органикалық тұқымқуалаушылықтың негізін оның
ерекше анатомиялық-физиологиялық құрылысы; жоғары жүйке
жүйесімен қатар, ағзалар мен құрылымдарының жетілу реті мен
екпінін анықтатын генотипі; күрделі жүйелі құрылым ретінде
темпераменті (қажеттіліктердің кезеңділігі, белсенділіктің
деңгейі, жаңалыққа реакциясы, тітіркендіргіштерге бейімделу
жылдамдығы және т.с.с.), жүйке жүйесінің қасиеттері, жоғары
жүйке жүйесі дамуының ортақ заңымен және т.с.с. құрайды.
Қазіргі заманғы даму психологиясындағы жақсы сәйкестік тео-
риясы тұқымқуалаушылықтың жақсы не жаман болмайтынын,

           100

⇐ МАЗМҰНЫ
   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105