Page 95 - index Bapaeva
P. 95

6. Л. С. Выготский тұжырымдамасының мәні

    Л. С. Выготскийдің баланың психикалық дамуы туралы тео-
рияны құрастыруына енгізген маңызды үлесі төмендегідей:

    ●● даму талдамасының «бірлігі» ретінде психологиялық
жас шамасының құрылымы мен динамикасы туралы ілімнің
құрастырылуы;

    ●● психиканың мәдени-тарихи табиғаты жайлы қағиданың
негізделуі және адамның психикалық дамуының жақын даму
аймағының қалыптасуы ретінде ерекшелігінің анықталуы;

    ●● психикалық даму өлшемдерінің анықталуы: жақын
даму аймағының, жас шамасының психологиялық жаңа
құрылымдарының қалыптасуы; сананың жүйелі және мағыналы
құрылысының өзгеруі;

    ●● белгілер мен олардың мәнінің интериоризациялану, адам
санасының генезисінің үдерісі ретінде жақын даму аймағының
дамуы туралы заңның ашылуы;

    ●● баланың психикалық дамуы үшін оқытудың жетекші рөлі
жайында тұрғының негізделуі;

    ●● дамытпалы оқыту өлшемдерінің анықталуы;
    ●● генетикалық-модельдеуші эксперимент түрінде зерттеудің
қалыптастырушы амалдарының құрастырылуы.
    А. Н. Леонтьев пен А. Р. Лурия Л. С. Выготскийдің
тұжырымдамасын сынаудың келесі бағыттарын ұсынады: табиғи
және жоғары психикалық қызметтердің қарсы қойылып салыс-
тырылуы; белгілік құрылыммен тым әуестену, дамудың интел-
лектуалдануы; баланың дамуында заттық іс-әрекеттің жеткілікті
дәрежеде ескерілмеуі.

       Семинар және практикалық сабақтардың жоспары
    1. Л. С. Выготскийдің психиканың онтогенезде дамуының
заңдылықтарына сипаттама.
    2. Л. С. Выготский бойынша жас ерекшелік дағдарысының
психологиялық мәні мен механизмін түсіндірудің жаңа моделінің
ерекшелігі.

                                     95

⇐ МАЗМҰНЫ
   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100