Page 101 - index Bapaeva
P. 101

тек баланың тума ерекшеліктері мен ортаның арасындағы жақсы
не жаман сәйкестігінің болатынын тұжырымдайды. Баланың кез
келген ерекшеліктері ортаның ерекшеліктерімен, ересектің сәйкес
мінез-құлқымен және баламен ынтымақтастығының сипатымен
теңдестірілуі тиіс.

    3. Қарым-қатынастың рөлі

    Баланың психикалық дамуындағы қарым-қатынастың мәні
төмендегідей деректермен дәлелденеді;

    ●● қарым-қатынас жетіспеушілігінің немесе әлеуметтік
депривацияның баланың дамуына ықпалымен;

    ●● балалардың жануарлармен тәрбиеленуімен: адамдармен
қарым-қатынас болмаса, даму да болмайды;

    ●● соқырмылқау балалардың тәрибесімен дәлелденуде. Егер
осындай бала тәрбиенің әлеуметтік жағдайынан тыс қалатын
болса, оның интеллектісінің сақталғандығына қарамастан, ақыл-
ойының терең кемістігіне әкелуі мүмкін. Тәрбиенің арнайы жүйесі
толыққанды дамуды қамтамасыз ете алады.

    Бала қарым-қатынасының дамуының қызметтері, құрылысы
және заңдылықтары М. И. Лисинаның еңбектерінде қарастыры-
лады. Қарым-қатынас қатынасу іс-әрекеті ретінде мәдени
тәжірибені жеткізеді; біріккен іс-әрекетті ұйымдастырады;
тұлғааралық қатынастарды қалыптастырып, дамытады;
адамдардың бірін-бірі және өзін-өзі тануына мүмкіндік береді.
Қарым-қатынастың құрылысы қарым-қатынастағы серіктес
ретіндегі зат пен басқа адамнан; қарым-қатынастағы қажеттіліктен,
басқа адамдарды тану мен бағалауға ұмтылысынан, ол арқылы
өзін-өзі тану мен бағалаудан; әрекеттер – бастамашыл актілер
мен жауап әрекеттерінен; міндеттерден немесе мақсаттардан;
құралдардан (вербалды, ым-ишара, заттық) және т.с.с.; өнімдерден
(материалды және рухани сипаттағы құрылыстар) құралады.

    Әрбір жас ерекшелігі үшін қарым-қатынастың өзіндік түрі
тән. Оларды топтастыру өлшемдері: пайда болу уақыты, баланың
тіршілік әрекетіндегі орны, қажеттіліктері, қарым-қатынас
мотивтері мен құралдары.

                                    101

⇐ МАЗМҰНЫ
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106