Page 103 - index Bapaeva
P. 103

жаңа мақсатын көздеудің және ересекпен біріккен іс-әрекетті
жүзеге асырудың есебінен бала дамуының жақын аймағын
қалыптастыруды болжайды.

    4. Іс-әрекеттің рөлі. «Жетекші іс-әрекет» ұғымы

    А. Н. Леонтьев баланың психикалық дамуын ең алдымен
баланың әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орнын есепке ала
отыра, оның іс-әрекетін талдаудан бастап зерттеу қажет. Адамның
дамуы әлеуметтік-мәдени тәжірибені меңгеру түрінде жүреді. Іс-
әрекет – дамудың қозғаушы күші, өйткені интериоризацияланып,
психикалық қызметке айналатын құрылым тек іс-әрекетте ғана
алғаш рет туындайды.

    Ғалым адамның кез келген жас шамасында іс-әрекеттің бір
емес бірнеше түрін жүзеге асыратынына негізделген жетекші іс-
әрекет ұғымын енгізеді. Ол өмір іс-әрекеттің әрқилы түрлерінің
механикалық қосындысы емес деп есептеген. Олар бір-біріне
қатынасына және психикалық дамуына байланысты тең болмайды.
Әрбір жас шамасы нақ сол кезеңдегі баланың ақиқатқа жетекші
қатынасымен, баланың әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі ор-
нына байланысты болатын және оның дамудағы жетістіктерін
анықтайтын іс-әрекеттің жетекші түрімен сипатталады. Бір
жағынан жетекші іс-әрекет әрбір жас шамасы үшін іс-әрекеттің
нақты түрін белгілейтін қоғаммен ұйғарылады. Мәселен, ойын
мектеп жасына дейінгі жас шамасындағы балалардың жетекші
іс-әрекеті болып табылады. Бастауыш мектеп жас шамасында
мемлекетпен қадағаланып, реттелетін оқу іс-әрекеті жетекші бо-
лып табылады. Зерттеушінің ойынша жетекші іс-әрекет баланың
әлемді қабылдап, оның әлеуметтік болмысын, әлемге қатынасын
анықтайды.

    А. Н. Леонтьев жетекші іс-әрекеттің негізгі үш белгісін
көрсетеді, олар: психикалық үдерістердің (танымдық сфераның),
тұлғаның жаңадан пайда болған элементтері; бірі болашақта
жетекші іс-әрекетке айналатын іс-әрекеттің жаңа түрлерінің
пайда болуы және дамуы. Басқаша айтқанда, жетекші іс-әрекет
іс-әрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуына түрткі болады. Іс-
әрекеттің жаңа түрлерін қалыптастырудың механизмі мотивтің
мақсатқа ұласуы деп анықталады.

                                    103

⇐ МАЗМҰНЫ
   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108