Page 104 - index Bapaeva
P. 104

Кейінірек Д. Б. Эльконин жетекші іс-әрекет ұғымын ары қарай
дамытып, тағы екі белгіні қосады.

    Бірінші белгі: жетекші іс-әрекет, аталмыш жас шамасы үшін
баланың ересектермен және құрдастарымен қатынастарының
жетекші типін белгілейді. Жетекші іс-әрекеттің әрбір формасы
қарым-қатынастың нақты түріне байланысты болады.

    Барлық жас шамалары үшін қарым-қатынастың жетекші
типтері әлі де болса көрсетілмеген. Г. А. Цукерман еңбектерінде
ынтымақтастықтың типтерін көрсетуге тырысады.

    Екінші белгі: жетекші іс-әрекет баланы сәйкес жас шама-
сында дамудың бастауы болып табылатын әлеуметтік ортаның
элементтерімен байланыстырады. Олар болашақтағы жаңадан
құрылатын элементтердің үлгісін қамтитын мінсіз қалыпты
анықтайды. Орта шынымен дамудың бастауы болып табыла-
ды, алайда баланың әлеуметтік ортасының өзі ұзақ уақыт бойы
аса өзгере қоймайды. Баланың ортаның әртүрлі элементтеріне
сезімталдығы немесе сензитивтілігі өзгереді. Оны сөйлеу-тілі
дамуының үлгісінде оңай түсіндіруге болады. Сіз бір жасқа
толмаған немесе бес жастағы балаға сіз бар мейіріміңізбен:
«Құлыншағым менің!» деп айтсаңыз, бірі күлсе, екіншісі қабағын
түйіп, жаратпай қалады. Бірінші жағдайда бала мейірімді үнге
бағдарланады. Ол үшін сіздің оны қалай атасаңыз да бәрібір.
Мектеп жасына дейінгі жас шамасындағы бала семантикаға
назар аударады, яғни ол үшін сөздің мәні маңызды (жетекші).
Осы мысалдың негізінде салыстырмалы түрде тұрақты ортада
дамудың әртүрлі жас шамаларында әрқилы жаңадан құрылған
элементтердің қалыптасуына әкелетінін түсінуге болады. Яғни,
жетекші іс-әрекет өзгереді – ортаның әртүрлі құраушыларына
сезімталдық өзгереді. Іс-әрекет ортада ненің маңызды, ненің
қосымша екендігін, баланың не нәрсеге бағдарланып, немен
әрекетке түсетінін анықтайды.

    А. В. Петровский жетекші іс-әрекет тұжырымдамасына
қатысты бірқатар сын пікірін айтады. Тек жетекші іс-әрекет ғана
емес, іс-әрекеттің басқа түрлері де дамудың себепшісі болады.
Алайда Д. Б. Эльконин дамудың белсенділігі туралы қағиданы
құрастыруда іс-әрекет түрлерінің жүйесі жетекші түрімен қатар
дамудың себепшісі екендігі айтады. Жаңа жас шамасына өткенде
жетекші іс-әрекет өздігінен автоматты түрде пайда болмайды.

                                    104

⇐ МАЗМҰНЫ
   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109