Page 97 - index Bapaeva
P. 97

3.6. Іс-әрекеттік тұғыр баланың психикалық дамуының
қозғаушы күштері мен себептері туралы

    Жоспары:
    1. Психика дамуының әлеуметтік-тарихи шартталуы
    2. Әлеуметтік орта мен тұқымқуалаушылықтың рөлі
жайында
    3. Қарым-қатынастың рөлі
    4. Іс-әрекеттің рөлі. «Жетекші іс-әрекет» ұғымы

    1. Психика дамуының әлеуметтік-тарихи шартталуы

    Психиканың әлеуметтік-тарихи шартталуының қағидасы
А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің, А. В. Запарожецтің,
П. Я. Гальпериннің еңбектерінде дамуын тапты.

    Жануарлар әлеміндегі психикалық даму үздіксіз даму әрі са-
палы секірмелі кезеңдерді қамтитын біртұтас диалектикалық
үдеріс болып табылады. Психиканың фимлогенезде дамуының
мұрагерлігі адам психикасының сапалы ерекшелігімен, адам
онтогенезінің айрықша белгілерімен үйлеседі. Іс-әрекеттік тұғыр
психиканың ерекшеліктері мен дамуын субъектінің тіршілік
әрекетінің сипатымен байланыстырады. Психологияда дамудың
екі түрі қарастырылады. Біріншісі – онтологиялық дамудың
биологиялық типін болжайтын жануарларға тән инстинктивті-
биологиялық болса, екіншісі – дамудың онтогенездегі әлеуметтік
типін анықтайтын өнімді іс-әрекетке, еңбекке негізделген
әлеуметтік-тарихи даму.

    Өмірдің инстинктивті-биологиялық типі субъекті мен
ортаның, қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдерінің
арасындағы қатынастардың алдын ала анықталуымен сипатта-
лады. А. Н. Леонтьев өмірдің инстинктивті-биологиялық типінің
аумағында жануарлар ешбір топқа жатқызылмайды, өйткені оның
әлемге қатынасы генетикамен, түрдің бағдарламасымен алдын ала
анықталады, ал қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілі тума болып
келеді.

    П. Я. Гальпериннің пікірінше, қажеттіліктерді қанағаттан-
дырудың тәсілі эволюция барысында қалыптасқан, ерекше

                                     97

⇐ МАЗМҰНЫ
   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102