Page 98 - index Bapaeva
P. 98

сезімталдықта бекітіліп, қатаң тіркелген, сондықтан ағза мен
ортаның арасындағы қатынастар алдын ала анықталынып,
белгіленеді.

    Өмірдің әлеуметтік-тарихи типі материалды және рухани
еңбек адам тіршілігінің қамтамасыз ететін жағдайлардың баста-
уы болып табылатын қоғамдық заттық-өнімді, жиынтықталған
іс-әрекетпен анықталады. Адам дайын табиғи құралдарды
пайдаланбай, тіршілігінің жағдайын өзі жасайды. Адамның
тіршілік әрекетінің ерекшелігі де осында әрі дәл соның негізінде
онтегенездегі өмірдің және дамудың типі өзгереді. Еңбек іс-
әрекетінің өндірістік сипатының арқасында еңбек өнімдерінде
адам қабілеттерінің заттылануы жүзеге асырылады. Тіршілік
ету тәсілі қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілі сияқты заттық-
өңдеуші өнімді іс-әрекетте адаммен жасалынады.

    Жануарларға қарағанда, адам тәжірибесінің екі түрі бар.
Біріншісі – түрге байланысты, тума, генетикалық тұғырда
бағдарламаланған, екіншісі – үйрету барысында өмір барысында
қалыптасатын жеке дара тәжірибе, үшіншісі – мәдени, әлеуметтік-
тарихи, яғни адамзаттың тектік тәжірибесі. Адамның өнімді еңбек
іс-әрекетіне өтуіне байланысты түрге байланысты тәжірибенің
белгіленуі мен жинақталуының түрі материалды және рухани
мәдениеттің заттарында сыртқы формаға өзгереді.

    Дамудың әлеуметтік-тарихи түрі тұқым қуалаудың
генетикалық және әлеуметтік атты екі түрін болжайды.

    Эволюция барысында түрге байланысты тәжірибенің
белгіленуінің биологиялық, генетикалық формасы сыртқы,
мәдени түріне қарағанда, өнімсіз болады. Оның себебі мынада,
тарихи дамудың темпы түрдің қабілеттерін генетикалық бекітуге
қажет уақытпен салыстыруға тұрмайды. Сыртқы, мәдени фор-
мада жүзеге асырыла бастаған тұқым қуалау формасы даму
типінің өзгеруіне әкеледі. Баланың онтогенетикалық дамуының
ерекшелігі оның әлеуметтік-тарихи мәдени тәжірибені меңгеру
формасында жүзеге асырылуында.

    Адам қоғамдық-тарихи тәжірибені иемдену барысында
мәдениеттің затына қатысты іс-әрекеттің бара-бар формасын
жүзеге асыруы тиіс. Заттыландыру – затсыздандыру үдерісін
А. Н. Леонтьев адамның түрге байланысты қабілеттерінің дамуы
үшін негізгі екендігін айтады. Даму – бұл индивидуумның та-

                                     98

⇐ МАЗМҰНЫ
   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103