Page 99 - index Bapaeva
P. 99

рихи қалыптасқан, адам қабілеттерінің мәдениетінде бекітілген
қабілеттерін, іс-әрекет және мінез-құлық тәсілдерін жаңғыртуы.

    Мәдени тәжірибе баланың ересекпен қарым-қатынасында
және ынтымақтастықта адами қабілеттердің дамуы мен заттыла-
нуына бағытталған белсенді заттық іс-әрекетінде жүзеге асыры-
лады.

    Адамға тән жаңа дамудың маңызды сипаттамалары
төмендегідей болады:

    ●● даму әлеуметтік-мәдени тәжірибені меңгеру ретінде;
    ●● даму жеңіс ретінде (преодоление). Жануарларға тән
бейімделу типіндегі дамуды адамға тән жеңу типі бойынша даму
орын басады.
    Д. Б. Эльконин тұлғаның өзін-өзі жеңуінде анықталатын ерек-
ше инстанция ретінде ұғымын береді. Баланың бастапқыдағы
қауқарсыздығы, мінез-құлық пен қабілеттердің тума
формаларының болмауынан бейімдейтін еш дүние болмаған
соң, бейімделуді жоққа шығарады. Қабілеттердің дамудағы
міндеттері дербес мүмкіндіктерінен шеңберінен асып, әлеуметтік
тәжірибенің аумағына – ынтымақтастықта өзін-өзі жасауды, яғни
адамның өзін-өзі жеңуін талап етеді. Адам психикасы дамуының
ерекшеліктері болашақта дамудың эталондарын ұсынатын идеал-
ды үлгіге қарай қозғалыста анықталады. Жеңу заңдылығымен
жоғары дәрежедегі қауқарсыздықтан қуаттылыққа жетуіндегі
адам дамуының басты ғажайыбын түсіндіруге болады. Өмірдің
бастапқы кезеңіндегі толықтай қауқарсыздық меңгеру және жеңу
әлеуеті арқылы дамудың шектеусіз мүмкіндіктерін ашады.
    Осы тұрғыда дамудың жеке дара үш нұсқасын көрсетуге
болады, олар: жаттанды қауқарсыздық (кез келген проблем-
ды жағдайда әрекет етуден бас тарту), конформдылық түріндегі
бейімделу (жағдайды бар күйінде қабылдау); шығармашылық
жеңу және жасампаздық ретінде.
    Адамның онтогенездегі дамуының типі жайлы жаңа түсінікке
сәйкес дамудағы тұқымқуалаушылықтың, ортаның, қарым-
қатынас пен іс-әрекеттің рөлі туралы түсінік те өзгереді.

           99

⇐ МАЗМҰНЫ
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104