Page 102 - index Bapaeva
P. 102

М. И. Лисина қарым-қатынастың балалалық шақтың туғаннан
жеті жасқа дейінгі жас шамасын қамтитын негізгі төрт түрін
көрсетеді (9-кесте):

                                                                          9-кесте.
М. И. Лисина бойынша, қарым-қатынастың туғаннан жеті жасқа

             дейінгі жас шамасын қамтитын негізгі төрт түрі

№ Кезеңдер             Сипаттамалары

1 Жағдаяттық-     ересектің мейірімді назарына мұқтаж болу
        тұлғалық  қажеттілігін қанағаттандырады. Қарым-
        2 – 6 ай  қатынастың негізгі құралдары-экспрессивті
                  – мимикалық

2 Жағдаяттық-іскер ересекпен ынтымақтастықты қалау

6 ай – 3 жас      қажеттілігін жүзеге асырады. Заттық

                  іс-әрекетке байланысты. Жетекші мотив

                  - іскер мотив. Бір жасқа дейінгі қарым-

                  қатынас құралдары көбінде заттық-

                  әрекетшіл, бір жастан кейін вербалды

3 Жағдаяттан тыс– ересектің силастығына мұқтаж болу

танымдық          қажеттілігі жетекші болып табылады.

3 – 5 жас         Танымдық мотивтерді жүзеге асырады.

                  Вербалды құралдарды қолданады.

4 Жағдаяттан тыс– Өзара түсіністік пен жанашырлық

тұлғалық          қажеттілігін жүзеге асырады. Қарым-

5 – 7 жас         қатынас мотиві – серіктесімен тұлғааралық

                  қатынастарды орнату. Қарым-қатынас

                  құралдары вербалды болып табылады.

    Коммуникативті іс-әрекет ретінде қарым-қатынас бала
өмірінің алғашқы айларында-ақ қалыптасады. Қарым-қатынас
қажеттілігі тумысынан берілмейді, өмір барысында қалыптасады.
Баланың араласу қажеттілігінің шығу тегі және ересекпен қарым-
қатынасының алғашқы формасының дамуы – нәрестелік кезеңнің

орталық мәселесі болып табылады.
    М. И. Лисина бойынша, ересектің ілгері жүретін

бастамашылдығының механизмі қарым-қатынас формалары
дамуының негізгі механизмі болып табылады. Ересектің ілгері
жүретін бастамашылдығының механизмі қарым-қатынастың

                  102

⇐ МАЗМҰНЫ
   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107