Page 106 - index Bapaeva
P. 106

3.7. Х. Т. Шерьязданованың мектеп жасына дейінгі балалар
тұлғасының дамуындағы қарым-қатынастың психологиялық
ерекшеліктері туралы теориясы

    Жоспары:
    1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасының
дамуының психологиялық ерекшеліктері
    2. Бала тұлғасының дамуындағы қарым-қатынастың
ықпалы

    1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасының
дамуының психологиялық ерекшеліктері

    Мектеп жасына дейінгі балалар әдетте, ойнағанды, сурет
салғанды ұнатады, ересектермен және құрдастарымен қуана-
қуана араласады: олар білімқұмар, бастамашыл келеді. Алай-
да құрадастарымен, педагогтармен қатынастарын реттеуде
қиындықтарды кешіретін балалар да кездеседі. Бұл жағдай
олардың дамуына, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына кері
әсерін тигізеді. Егер баланың ойнау қабілеттері мен практикалық
іскерліктері нашар дамыған болса, онда ол қоршаған әлем жа-
йында қызықты ақпараттарды алу мүмкіндігінен айрылады. Бұл
жағдай, өз кезегінде бастамашылсыздықтың туындауына себепкер
болады. Ондай бала мектепте оқуды жаза ретінде қабылдайтын ез
оқушыға айналады.

    Құрдастарымен жағымсыз қатынастары, мектеп жасына
дейінгі бала мінезінің дамуында ызалылық немесе тұйықтық,
ренжігіштік, өкпешілдік сияқты бітістердің дамуына себепші.
Психологтардың пікірінше, мұндай жағдай баланың әлеуметтік
ортаға бейімделуіндегі қиындықтардың дәлелі.

    Құрдастарымен қарым-қатынаста жайсыздықты кешірген
балалар, ересектермен араласып, олармен қарым-қатынастан
жылулық, махаббат пен қамқорлық табады. Дегенмен, мектеп жа-
сына дейінгі балалардың өзі де таныстарымен және көршілерімен
жеткілікті түрде кеңінен араласады ғой. Сол себепті балларды
олармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға арнайы үйрету қажет.

                                    106

⇐ МАЗМҰНЫ
   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111