Page 118 - index Bapaeva
P. 118

шамасында жеткіншектің дене бітімінің өзгеруіне байланысты,
өзін жаңа қырынан тануға мүмкіндік алады.

    2) 16 жастан 23 жасқа дейінгі балғын шақ кезеңінде адам
ересектікке бет алады.

    Бір жас шамасынан келесі жас шамасына өтуде адамның
қоршаған ортамен қатынастарының бұрынғы қалпының
бұзылуымен және басқа адамдармен, басқа әлеммен өзара
қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуымен байланыс-
ты дағдарыстар орын алады. Мұның барлығы адамның өзі
үшін және оның әлеуметтік ортасы үшін мәнді психологиялық
қиыншылықтарымен сипатталады.

    1 жас, 3 жас, 7 жас, 13-14 жас, 17-18 жас шамаларына сай
дағдарыстар кездеседі. Келесі кезекте біз осы жас шамаларын
тереңірек қарастырып көрелік.

    Өмір циклін кезеңдерге жіктеу мәселесі жас ерекшелік
психологиясының негізгі мәселесі болып табылады. Ин-
дивид үдерістерінің әркелкілігі және күйлері алмасуының
гетерохрондығы ішкі қайшылықтардың бейнеленуі ретінде – бір
жағдайлардағы ерте қартаюдан, келесі бір жағдайлардағы ұзақ
өмір сүруге дейін өмірдің әртүрлі мүмкіндіктерін қамтиды. Шын
мәнінде жасы отызға келгенімен өзін «қарт» адамдай сезінетін
және жетпіс жастағы шығармашылыққа бейім, белсенді «жас»
адамдар да өмірде кездеседі.

    Жас ерекшелік мәселесін шешуде қарама-қарсы екі ұстаным
бар, олар:

    ●● балалық шақ кезеңдерінің бірізділігі және мазмұны тумы-
сынан қалыптасып, тұқымқуалаушылықпен анықталады (нати-
визм, екі факторлар теориясы);

    ●● балалық шақтың табиғаты әлеуметтік-тарихи
болғандықтан, оның жаңа кезеңдері қоғамдық өндірістің және
әлеуметтік қатынастардың дамуына байланысты пайда болады.

    Жас ерекшеліктерінің кезеңдерге жіктелуінің теориялық
мәні оның психикалық дамудың себептері жайлы ұғымды
объективтендіруінде. Ал оның теориялық мәні тәрбие мен
оқытудың жағымды жүйесін құру мәселесінің шешілуіне байла-
нысты.

    Жас ерекшеліктерін топтастыру әрекеттері ілкі заманнан бері
жасалынған. Жіктеу үлгілері төменде келітрілген.

                                    118

⇐ МАЗМҰНЫ
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123